Ғарыш айлағынан хат

8bet_f15Балалар, сендер 12-сәуір авиация және косманавтика күні екенін жақсы білесіңдер. Ғарыш тарихы, 1961 жылғы 12 сәуірден басталады. Осы күні Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» кемесімен Жер шарын 1 сағат 48 минөтте айналып өтті. Осылай ғарышқа тұңғыш рет жол салды.  1962 жылдың тамызында АҚШ астронавты  Джон Гленн Меркури ғарыш кемесімен Жер шарын үш рет айналып ұшты. Ол үшін небары 4 сағат 55 минөт уақыт жұмсап, ғарыш рекордын жаңғыртты. Гленн жасы 70-тен асқанына қарамастан, 1998 жылдың қазанында ғарыш төсіне екінші рет шығып, орбиталық «Мир» кемесінде болып қайтты.  1991 жылы 2 қазан күні Алматы уақыты 11 сағат 59 минөтте қазақ азаматы Тоқтар Әубәкіров халықаралық экипаждың құрамында сегіз тәуліктік ғарыш сапарында болып, жерге аман-есен оралды. Бұдан кейін ғарышқа Талғат Мұсабаев ұшты. 1998 жылы «Союз ТМ-19» кораблімен бірінші рет ғарышта 126 күн, екінші рет 1998 жылы 208 күн болып қайтты. 
Талғат Амангелдіұлы МҰСАБАЕВ  1951 жылы 7 қаңтарда, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. Зерттеуші-ғарышкер.  Қазақстандық ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Генерал-лейтенант, техника ғылымдарының докторы. Халық қаһарманы. Ресей  Федерациясының, Аустрия Республикасы ордендерімен марапатталған. АҚШ-тың «Ғарышқа ұшқаны үшін» NASA медалінің иегері.

Ғарышқа сапар Ғарышқа байланысты, Ақтау қаласы №13 гимназиясындағы оқырмандарымыздан хат алдық. Бір қызығы олардың әрқайсысы ғарыш айлағында өмір сүріп жатқандай, қиялмен жазған екен. Айталық, Әсемгүл Жұмаева: «Ғарыш планетасында тұратын әпкемнің үйіне қонаққа барған едім, — деп бастайды да, әсерлерін айтады. – Планетада кептелген көп көлік мүлде жоқ. Адамдары жаяу дүреді. Сондықтан, ауасы қандай таза!» — деп тамсанып, экологиялық ластануға өкінеді.
“Ғаламшар халқын құтқардым” …Түс көріп жатырмын. Керемет ғаламшарда жүрмін. Онда адамдарға күн көрсетпейтін құбыжықтар бар екен. Мен құбыжықтарды қалай құртуға болады деп ойланып тұр едім, біреу келіп, үңгір бар. Оған кіруге қорқып тұрмыз. Ішіндегі үш бөлмеден үш түрлі дәріні алып шығып, мына дүлейлерге шашса, өледі, — деді. Мен үңгірге кірдім де тәуекел деп дәріні алып шықтым. Адамдар оны құбыжықтарға шашып жіберіп еді, олар мәңгіге жойылды.   Махаббат МОЛКУЖИНОВА.

Бала қиялы Ғалымдардың айтуы бойынша, Шолпан жұлдызының адамдарының жасын 250-300 жылға дейін ұзартуға болады екен. Олардың жұмыс істеу қабілеті 150-180 жыл екен. Шолпан жұлдызында өмір сүрген қазақ халқы санының артқаны соншалық, 1 миллиардқа жетіпті.  Әйгерім БЕКҚОЖИНА. 
Ғарыштағы мереке Маған ғарыштан 1 маусым Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне «Шақыру» қағазы келіпті. Сонымен, мерекеге ғарышқа ұштым. Онда ойыншық дейсіз бе, балмұздақ, балалар ойнайтын әткеншектер, саябақтар, зоопарк, акванариум бар екен. Алақайлап барып, бәрін ұстап көремін. Бәрі тылсым дүние, тастай қатты. Тіршіліктің белгісі жоқ. Ғарышта қалықтап, тек өзім жүрмін. Шошып кеттім. Оянсам түсім екен. Әйгерім ҚАЙБАЛДИЕВА. 
Теңіз бар Сыныптастарыммен теңізге шомылуға барыппыз. Жүзіп-жүзіп келемін. Теңіз тура біздің Каспий сияқты. Шомылып жүрген ғарыш адамдары өте көп. Мен олармен қазақша сөйлесіп жүр екенмін.   Арайлым ЖАЙЛЫҒАРАЕВА.
“Ғарышта — қазақша сөйлейді” Мен ғарыштың азаматымын. Бізде  көп ұлт өкілдері өмір сүреді. Барлық тұрғындар басқа планетаға қонаққа бара алады. Ай серігі мен Марс, Нептун планеталарында менің де туыстарым тұрады. Бір ғажабы, ғарыш адамдары бір-бірімен тек қазақша сөйлейді.   Абай ЖАҚАТ.

Дайындаған: Т. ЖАНТҰРОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *