Сөздері бұлақтың тұнығындай

 Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Березовка мектебінің мұғалімі «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісі Оразбике Бейсембіқызынан хат алдық. О.Дүйсембаева хатында, үйірмеге қатысатын 7 жас тілшінің шығармалары өткен жылы журнал бетінде жарияланғанын хабарлапты. Айталық, Әлішер, Айша Ташиевтер жеті шығарма жазса, соның екеуінде Анасы туралы толғанады. Гүлназ, Диас Бекперовтер, Гюзель Курапанбаевалардың қауырсын қаламынан Аналарына деген ризашылық өріледі. Ұлжан Машкенова, Ернар Болатов туған жер, өскен өлке деп тебірене жырлайды. Туған жер мен Ананы қатар қойып суреттейді.  Әрине, шығармалар тұнып тұр. Алайда, ақпанның 18-де жолданған хат наурыз айының 1-де редакцияға келіп, тіркелді. Хаттары кешігіп жететін оқырмандарымызға кез келген шығармаларыңды редакцияға бір-екі ай ерте жіберіңдер дейміз.   Редакциядан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *