Әдепті бала — арлы бала

 Біз сыныпта әдептілік туралы оқыдық. Талай мақал жаттадық. «Әдепті  бала белгісі, иіліп сәлем бергені». Біз үлкенді сыйлаймыз. «Сіз» деп сөйлейміз. Кішкентай іні-қарындастарымызға көмектесеміз, жылатпаймыз.     Жануарлар мен құстарға қамқорлық көрсете білеміз. Жанымыздағы адамдармен мейірімдіміз. Ешқашанда мақтанбаймыз. Бәрін бауырдай көрсең, досың көп болады. Қашанда шындықты айтамыз, өтірік айтпаймыз. Біз бақытты баламыз.   Бекзат ХАМЗЕЕВ.  Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ