Табиғат, таң қаламын тамашаңа

Табиғат – біздің үйіміз, өмір сүріп отырған ортамыз. Табиғат – тірегіміз. Табиғатты сүю, қорғау қажет десек, ол есік алдынан, терезенің тұсында өсіп тұрған ақ қайыңнан басталады екен. Сұлу ақ қайыңды түсіну – табиғатты түсіну. Ақ қайыңды қорғау – табиғатты қорғау. Табиғат тылсым құпияға бай. Ал осы құпия-сырды сезетін бірінші жан-жануарлар. Олардың мінез-құлқына қазақ халқы түрлі болжамдар жасаған. Мысалы: 
— Қыста торғай ұясын жылылап, мамық тасыса, аяз болады.
— Көк жасыл шегіртке молайса, жаз қуаң болады.
— Қой тісін қайраса, кешікпей боран соғады.
— Ит пен мысық иіріліп немесе тұмсығын бауырына тығып ұйықтаса, жауын-шашын болады.
Жан-жануарлар, хайуанаттар табиғат сырын жақсы ұғынады, соған орай мінез көрсетеді. Біз осы сырды түсінуіміз үшін тыныс-тіршілігін бақылап, оларды қорғауымыз керек. Аружан АХМЕТОВА, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,  Құмсай ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *