Алып тұлға батырлар

12bet_f3— Мектебімізге батыр ағалар келеді деп дайындала бастадық. Анамнан:
— Батыр қандай адам, — деп сұрадым.
— Балам, кеудесінде орден, медальдары көп болады. Ол ағалар ауған соғысында дұшпандармен соғысты. Бұрынғы кеңес үкіметі шекарасына жауды өткізбей, ерлік көрсетті, — деді.
Содан анам екеуміз көп материал жинадық. Сұрақ қоюға дайындалдық. Кездесу болатын күні батыр ағаларды қарсы алдық. Анам суреттеген қаһарман ағалар, қарапайым, жүздері мейірімді адамдар екен. Біздің сұрақтарымызға тебірене жауап бергенін сезіп отырдым. Кешті ұйымдастырған Гүлмира Шабанбайқызы мен Жұлдыз Керейбаева апайлар да ауған соғысы ардагерлерінің әңгімесінен кейін тебіреніп кетті.
— Біз бейбітшілікті жақтап, достықты қадірлейтін, Ана тілімізді құрметтеп, тыныштықты сақтауды жақтайтын елміз, — деді ағалар. Кездесу аяқталғанда ағаларымыз өздеріндей ер тұлғалар өсіп келе жатқанына сенім білдіргендей, омырауы тола марапаттары күміс қоңыраудай сыңғырлап бара жатты.
Н. ҚАБАНБАЙ, № 26 орта мектеп. Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ