Жұлдыз-жорамал

balik1

Балық        20.02-20.03
Көптен күткен ойың орындалып, шаттықа кенелесің. Тосын сый күтіп тұр. Айдың соңына қарай алыстағы таныстарыңмен қауышуың әбден мүмкін.      

 

Жанерке Игілік 

tokti

 

Тоқты       21.03-20.04
Ішкі жан дүниең қуанышқа толып, кез келген іске сергек қарайсың. Адамдарға көмектескің келіп, өзіңе жауапкершілік жүктейсің.

 

 Шерхан Әлібеков

torpak

 

Торпақ        21.04-21.05
Сәуір айының аяғы жол жүруге немесе жеке істеріңді тиянақтауға өте қолайлы. Алға қойған мақсатыңды сыртқа жаюға асықпа, алдымен ойлан.

 

 Ақбота Майбасова

egizder

 

Егіздер        22.05-21.06
Жолыңда кездесетін қиындықтар мен кедергілерді ақылмен шешуге тырыс. Артық кететін кездеріңді түсініп, сыныптастарыңнан кешірім сұрайтын да жағдай болады.

 

 Айбол

shayan

 

Шаян          22.06-22.07
Бос уақытың бола бермейді. Сәуір айының қалай өте шыққанын да сезбей қаласың. Ерік-жігерің мен сенімділігің мектепте жетістікке жетуге септігін тигізеді.  

 

 Назерке Бекежан

aristan

 

Арыстан      23.07-22.08
Достарыңның көмегімен көздеген мақсаттарыңа бір табан болса да жақындай түсесің. Табандылығың жетістіктерге жетелейді.    

 

 Нариман Тұрлыхан

bikesh

 

Бикеш         23.08-23.09
Оқу жылы аяқталып келе жатқандықан, ата-ана, ұстаз тарапынан бақылауда боласың. Сәуір айында үш тоқсан бойы оқыған еңбегіңнің нәтижесін көресің.

 

 Алпысбай Ел-Аман

tarazi

 

Таразы        24.09-23.10
Жұмыс қабілетің артып, ойға алған ісіңді тез орындайсың. Жетістікке жету – тек өз күш-қуатыңа байланысты. Әр кез сабырлы, салмақты қалпыңды жоғалтып алма.    

 

 Арайлым Өндірісхан

sarishayyan

 

Сарышаян    24.10-22.11
Сәттіліктер кезеңінде жүрсің, сондықтан ойға алған ісіңді аяқтауға кіріс. Көмегіңді қажетсінетін жанға  жәрдем жаса, еңбегің зая кетпейді.     

 

  Арайлым Залел

mergen

 

Мерген       23.11-21.12
Сәуір айы мәдени шараларға атсалысуға қолайлы болмақ. Ұстаздарыңның тарапынан алғыс аласың.

 

 Мадияр Әуезов

taueshki

 

Тауешкі      22.12-20.01
Бұл белгідегілер төңірегіндегілерге мейірімді бола түседі. Қарт адамдарға үлкен қамқорлық көрсетіп, батасын алады.

 

 Набира Амангелді

sukuygish

 

Суқұйғыш   21.01-19.02
Осы айда білімге деген құштарлығың артып, өнерге  қызығушылығың артады. Айдың аяғында отбасыңмен бірге жолға шығасың.

 

Үлибибі Дастанбекқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *