“Жарқын болашақ”жеңімпаздары

19bet_f31Білім, ғылымның, экономиканың, жалпы бәсекелестіктің дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде қазақ тілімен қатар ағылшын, орыс тілдерін үйренудің де маңызы артып отыр. Алайда «Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы – үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін әрбір Қазақстан азаматының меңгеруін меңзесе де, бұның түпкі негізі – қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік  деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу болып табылады. Олай болса, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, Елбасы айтқандай, «үш тілдің біреуі болып қалмай, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы» болуы керек.  Осыған орай, KATEV Халықаралық қоғамдық қоры Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамытуға қолайлы орта туғызу үшін, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тобында және өзге ұлт топтарында оқитын 7, 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» атты республикалық KATEV  қазақ тілі олимпиадасын өткізіп келеді.  Наурыз айында Алматы қаласында өткен Қазақ тілі олимпиадасына Қазақстандағы 30 қазақ-түрік лицейінің және жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ және орыс топтарында оқитын 7, 8, 9, 10, 11-сынып оқушыларының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.19bet_f2 Әрбір бағыт бойынша Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Олар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен салтанатты жабылу рәсімінде KATEV Халықаралық қоғамдық қорының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бағыттар бойынша орын алған оқушылардың мұғалімдері грамоталармен марапатталды.  Олимпиаданың финалы 2010 жылдың 7 сәуірінде Астана қаласында өтті. (Өз тілшімізден). 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *