Білім билігінде өркендеген

6bet_f3

Бүгінде, елімізде білім берумен айналысып келе жаткан қазақ-түрік лицейлерін (ҚТЛ) оқырмандарға таныс-тыру қажет емес. ҚТЛ оқушыларының халықаралық білім олимпиадаларында қол жеткен табыстары жайлы жиі айтылады. Барлық ҚТЛ – KATEV
халықаралық қоғамдық қорына бағынышты. Қор Президенті Унал Өзтүрік мырзаға жолығып, лицей жетістіктері жайлы толығырақ әңгімелеп беруін өтінген едік.


— Унал мырза, редакциямызға қош келдіңіз. Республикамыздың барлық қалаларында дерлік қазақ-түрік лицейлері бар. Балалары осы білім мекемелерінде оқитын адамдарды айтпағанда, көпшілік ҚТЛ жайлы біледі. Дегенмен, ҚТЛ-нің білім саласындағы жетістігі туралы әңгімелеп берсеңіз.
6bet_f5— 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегі Түркия Республикасының басшысы Тұрғыт Өзал марқұмның өзара келісімі арқасында Қазақстанда тұңғыш төрт тілде (қазақ, ағылшын, түрік, орыс) білім беретін қазақ-түрік лицейлері ашыла бастады. 1996 жылы осы аталмыш білім беру мекемелері мен Алматыдағы Сүлеймен Демирел университеті мен Тараз қаласындағы Жамбыл есеп-экономикалық колледжінің оқу-тәрбие жұмыстарын үйлестіру мақсатында KATEV Халықаралық қоғамдық қоры құрылды. 2006 жылы қыркүйекте Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Астана қазақ-түрік білім беру кешені ашылды. Қазір KATEV Халықаралық қоғамдық қорының қарамағындағы қазақ-түрік лицейлерінің саны 30-ға жетіп, екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ат салысып келе жатыр. Қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерін жаратылыстану пәндерін жетік меңгерген ҚТЛ оқушылары халықаралық білім олимпиадаларында 1995-2008 жылдар аралығында 100 алтын, 144 күміс, 212 қола (барлығы – 456) медальді жеңіп алып, әлемдік білім аренасында Қазақстанды әлемге танытуда. Мәселен, 2008 жылы мамыр айының 1-5 күндері аралығында Американың Техас штатындағы Хьюстон қаласында алғаш рет өткен «I-SWEEP-2008» атты энергетика, инженерия және экология халықаралық ғылыми жоба олимпиадасына қатысып, 51 мемлекеттен келген 800 оқушының арасынан ҚТЛ оқушылары 11 алтын, 6 күміс, 6 қола медальді елімізге алып келді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Болашақ» бағдарламасы бойынша төрт тіл («қазақ, ағылшын, түрік, орыс) білетін түлектеріміз әлемдегі, атап айтсақ, Америка, Ресей, Түркия, Қытай және басқа мемлекеттердегі ең танымал деген университеттерде жоғары білім алып жатыр. Мысалы, соңғы 2008 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша түлек берген 23 лицейдің 19-ы республикамыздағы алғашқы 75 мектептің қатарынан орын алды.
— Бәрекелді! Унал мырза, шәкірттердің білім деңгейінің халықаралық білім стандартына сай болуы – ұстаздардың біліктілігімен байланысты ғой. Лицейлердің мектеппен салыстырғандағы ерекшелігі неде?
— «KATEV» ХҚҚ-ына ҚТЛ-лер халықаралық ISO 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің стандарттары сертификатын иеленіп, жұмыс сапасын нығайтты.
6bet_f2ҚТЛ оқушыларының жетістіктерге жетуіне, әрине, осы аталмыш оқу орындарындағы оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттеріне қарай ғылыми жоба жарыстары мен білім олимпиадаларына дайындық жұмыстарының жақсы жолға қойылғандығы. Ерекшелігі неде десеңіз, лицейлерімізде ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Бұл олардың мінездеріндегі ерекшеліктерден туындап отыр. Мәселен, қыз балалар жаратылыстану пәндерін меңгеруде ұлдар секілді алғырлық таныта бермейді, керісінше, қыздардың тілдік сабақтарда жетістіктері мол. Мысалға алсақ, Тараз бен Шымкенттегі қыз балаларға арналған лицейлер 2007 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа 98 ұпай жинап, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Жалпы алғанда, ұл мен қызды бөліп оқыту тәжірбиесі бүгінде Америкада, Еуропада, тіпті Ресейдің өзінде кеңінен қолданысқа ие болып отыр.
Мұғалімдерді таңдап алу және олардың педагогикалық біліктілігін дамыту жұмыстары тыңғылықты жүргізіледі. 6bet_f1Себебі ҚТЛ-дердегі ғылыми жоба жарыстары мен білім олимпиадаларына дайындық жұмыстарының жүйелі түрде жұмыс істеуіне бірінші кезекте мұғалімдер жауапты. ҚТЛ-лерге мұғалімдер республикалық деңгейдегі пән бірлестік жетекшілері дайындаған емтихан бойынша қабылданады. Жылда ақпан айында ҚТЛ мұғалімдері арасында емтихан болады. Жыл сайын мұғалімдер шетелдердегі семинарларға жіберіліп, жаңадан бастаған мұғалімдерге арнайы біліктілік жетілдіру курстары мен семинарлары өткізіледі.
— Оқушылар халықаралық олимпиадаларда алтынды қолдан бермейді. Құпия болмаса, жетістіктің сыры неде?
— Жоғарғы жетістікке қол жеткізуде атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі – олимпиадаға бейімді оқушыларға арнайы бағдарламалармен білім беру және оларды жарыстарға дайындау. ҚТЛ-лердегі олимпиадаға қатысатын оқушыларға апталық, айлық, тоқсандық дайындық лагерьлері ұйымдастырылады. Ол кезде оқушылар қазақстандық және шетелдік білікті мамандардан білім алады. ҚТЛ арасында 8-сынып оқушыларына білім олимпиадалары өткізіледі. Оқушыларға әр түрлі тақырыптарда семинарлар ұйымдастырылады. Қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізіледі, ҚТЛ оқушылары арасында спорттық және мәдени жарыстар болады, ҚТЛ-лерде ЖОО-ға дайындық курстары ұйымдастырылады. Жыл сайын оқушылардың қатысуымен ғылыми-көпшілік көрмелер және тіл көрмелері өтікізіледі. Жоғарыда атап өткен шаралардың жүйелі ұйымдастырылуы қашанда нәтижесін беретіні анық. Интернеттік білім жүйесінің нәтижелі білімге әсерін көруге болады.
6bet_f7— ҚТЛ оқу-білім, тәрбиеден басқа мәдени шараларды өткізуде де өнегелі ісімен танылып келеді емес пе?
— ҚТЛ-лерде қоғамдық-мәдени іс-шаралар жиі өткізіледі. Бұл жұмыстар оқушылардың жан-жақты болып өсуіне септігін тигізеді. Мәселен, оқушының тіл үйренуге деген ынтасын арттыратын әдіс-тәсілдерді жалпы қазақ тілі жанашырларына көрсету мақсатында 2006-2007 оқу жылында барлық облыс орталықтарында және Алматы, Астана қалаларында «Қазақ тіліне – басым қолдау» атты тіл фестивальдері өтті. KATEV қоры «Қазақстан-2030» Жолдауындағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі «Қазақстан аза-маттарының денсау-лығы, білім алуы және әл-аухатының артуы» жайлы міндеттеме мен ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасын іске асыру және рес-публика халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, өзінің көпжылдық тәжірби-есін негізге ала отырып, республика көлемінде «Жастар салауатты өмір үшін» фестивалін өткізді. Аталмыш фестивальға 100 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, жыл сайын оқушылардың қатысуымен ғылыми-көпшілік көрмелер өткізіледі.
— Унал мырза, жылда сәуір айында ҚТЛ-ге
қабылдау жүргізіледі. Лицейлерде сабақ тереңдетіліп оқытылады. Оқыту бағдарламасын қысқаша айтып беріңізші.
— Яғни, мектепте 7-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады және сауалнама толтырады. Солардың нәтижесіне қарай олар пәндер бойынша олимпиадаларға бөлінеді. 7-сыныпта олимпиадаға таңдалған оқушыларға 8-сыныпта қазан айында іріктеу емтиханы жасалды. Іріктеу нәтижесінде олимпиада тобында қалған оқушыларға апта ішінде 4 сағат және апта соңында 4 сағат, барлық жиыны 8 сағат сабақ беріледі. Жылына екі рет қаңтар және мамыр айларында KATEV тарапынан білім тексеру емтиханы алынады. Қаңтар айында өткізілетін емтиханның мақсаты – оқушылардың дең-гейіне бақылау жасау, ал мамыр айында өткізілетін емтиханның мақсаты – жазғы олимпиада лагеріне оқушы таңдау. 9,10,11-сынып оқушыларына арнайы олимпиадаға дайындық бағдарламасы бойынша қосымша сабақ беріледі және демалыстарда дайындық лагерьлері ұйымдастырылады.
— Әңгімеңізге рақмет. Өркендей беруле-ріңізге тілектеспіз.

Сұхбатты жүргізген Ж.КУЧУКОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *