Аңдардың патшасы кім?

Арыстан түлкіні ұстап алып: “Мен енді сені жеймін”, — депті.
— Босқа әуре болма, аманыңда тайып тұр, мен аңдардың патшасымын, — дейді түлкі.
— Жоқ, аңдардың патшасы сен емес, менмін! – дейді арыстан.
— Нанбасаң, — дейді сонда түлкі, — екеуіміз орманды аралайық, кімнің кім екенін сонда көресің.
— Екеуі осыған келісіпті де, орманды кезіп жүріп кетеді. Түлкімен бірге келе жатқан арыстанды көре сала аңдар зыта-зыта жөнеледі екен. Осылайша біраз жүргеннен кейін:
«Түлкінің айтқаны дұрыс болды, аңдардың патшасы екен бұл» деп қорыққан арыстан қашып құтылыпты.
Ел аузынан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *