Өмір жайлы…

Өмір күрестен тұрады. Әрбір адамзат баласы сол күресте жеңуге тырысады. Әркім де бақытты, жақсы өмір сүргісі келеді. Бірақ тағдырына жақсы өмір сүру жазылмаса ше? Бақытсыз адам тағдырына қарсы шығып, күресе білу арқылы бақытты бола алады. Күреспесіне амал жоқ, өйткені оның да өзгелер секілді бақытты болғысы келеді. Біз қандай  болсақ та бақыттымыз. Өйткені Алла Тағала бізге мына жалған дүниеде өмір сүру бақытын сыйлады. Өмір – Алланың әрбір адамға тартқан асыл сыйы. Кейде осы сыйдың қадіріне жете алмай тура жолдан тайып та кетіп жататындар аз емес. Сондықтан да біз өзімізге берілген санаулы алтындай уақыттың қадірін біліп, Алла Тағала салған ақ жолдан адаспай, өмірімізді өзгелерге үлгі боларлықтай етіп өткізейік, жас достар! 

         Мадина КЕРІМҚҰЛОВА. Жамбыл облысы,  Талас ауданы, Ойық ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *