Қазына — кітапта

Өмірде екі түрлі байлық бар. Бірі – материалдық байлық, екіншісі – рухани байлық. Адамға екеуі де керек.Өкінішке орай, көп адамдар екінші байлықты ескере бермейді. Рухани даму – қажеттілік. Ол адамның өз басы үшін де, өзі өмір сүріп отырған қоғам үшін де қажет. Меніңше, ол адам бойына кітап арқылы дариды.  «Кітап – білім бұлағы, білім- өмір шырағы» деген сөз тегін айтылмаған. Егер зерделеп оқитын болсаң, кітап сенімен сырласады, мұңдасады, шын досыңа айналады. Сөйтіп, ойың тереңдейді. Ұлы адамдар кітап жайында көп айтқаны да содан болар… Кітап адамды өмірдегі бар байлыққа жеткізеді. Сол үшін ең алдымен кітап оқылық дегім келеді.

Аида ХАУМЕТОВА.  БҚО, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *