Біз сенің жасыл құрағың

“Табиғат, адам – егіз гүл”, —
Толыпты міне, сегіз жыл.
“Есті балаға – ескі сөз”,
Бәрін «Мөлдір бұлақтан» оқып біл!
Қызыққа толы беттерің,
Негізі болған – тесттерің.
Өнер өріне өрлеген,
“Балғын бояу” шеберлер,
“Таңдандырған” деректер,
Барлық қызық нәрселер,
Табылған бір өзіңнен.
Құтты болсын мерекең!
Ішіне толсын берекең!
Оқырманың көп болып,
Арта берсін мәртебең!
Тамшысы боп тамған бұлағың!
Біз сенің жасыл құрағың.
Жасай бер, жаса, «Мөлдір бұлағым»!
Жарқырап жансын, «Алтын шырағың»! 
Ақбота СЕМБЕК, 5-сынып оқушысы.  Алматы облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *