Көктен түскен періште

Сәби дүниеге келгенде, ең бірінші анасын көреді. Ең бірінші айтар сөзі де – «Ана». Әр адам өз анасын пір тұтуы керек. Көптеген ақын-жазушылар өз аналарын және жалпы әйел затын көктен түскен періштелерге теңеген. Шынында да, ана өз баласы үшін не нәрсеге дайын. Жақсылығын асырып, жамандығын жасырып, баласына шаң жуытпайтын да ана.
Бірақ біз аналарға не бере аламыз? Ана алдындағы борышымызды қалай өтей аламыз? Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып, ата-анаға сөз келтірмегеннің өзінде, ана алдындағы борышыңды өтеуге бұл жеткіліксіз. Құран-кәрімде былай делінген: «Анаңды арқалап Меккеге апарғанның өзінде бір күндік емген сүтіңді де ақтамайсың». Осы ой- толғауды жазып отырғанда, Құрманғазы туралы әңгіме есіме түсті. Құрманғазы өз анасына жақсылық жасамағанына қайғылы болған. «Әлпештеп өсірген анама әлі күнге дейін бір қызмет ете алмай, оны үнемі қауіп-қатерде, жоқшылықта ұстап келдім, енді міне, көп жылдан соң келгенде, тағы да оны қалдырып барам» — деген екен. Сондықтан ардақты аналарымызды әлпештеп, құрметтейік. Ана деген дүниедегі ең асыл адам!
Арқас МҰХАМАДИЕВ.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл қонысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *