Ұлттық ойынды ұлықтайық!

Теңге алу
Ертеден келе жатқан ойындардың бірі – Теңге алу. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстіне 50,20,15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады.
Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп, 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.
Ойыншылар атқа мініп немесе бірнеше атпен (әркім өз атымен) кеп ойынға қатыса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оның орнына тағы да тиын салынады.
Ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға болмайды.

ПІКІР ЖАЗУ