Санамақ

(Жаңаша түрі)
Бір дегенім – Қазақстан халықтарының бірлігі,
Екі дегенім – Желтоқсан құрбандарының ерлігі.
Үш дегенім – Ауылым туған жерім Ұштаған,
Төрт дегенім – Батырлар алып берген кең далам.
Бес дегенім – Жарқылдап ойнап-күлген балалар,
Алты дегенім – Адал да мейірімді аналар,
Жеті дегенім – Атырау, Алматыдай бай қалам,
Сегіз дегенім – Президент – халқымыз қолдап сайлаған.
Тоғыз дегенім – Елтаңба, Әнұран мен Туымыз,
Он дегенім – оң болсын бейбітшілік жолымыз.

Асылжан ӘМЕТОВ. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ұштаған ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *