Наурыз бата

8bet_f14Сұрасаң міне бата,
Дарысын Қызыр ата.
Қызырың қияласын,
Бақ-дәулет ұяласын.
Ел қорғаған батыр бол,
Ел жырауы ақын бол.

Суретті салған: Бақытжан Самбаев
Табаның жерден таймасын,
Төбеңде көк шатыр болсын.
Тілегіңді Тәңірім қабыл етіп,
Жұртқа ісің мақұл болсын.
Бозторғайдай төлшіл бол,
Ор қояндай көзді бол,
Шеше тілді сөзді бол,
Өркенді бол, ойлы бол,
Өз құрбыңның алды бол!

Дәулет ҚАБДЫРАШ. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *