Мектепке дейінгі біліммен қамту 43,3 пайызға артпақ

10bet_f14Республикамыздың Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде министр Жансейіт Түймебаев осылай деп мәлімдеді:
— Басқа ведомстволарға берілген және қажетіне қарай пайдаланылмай келген ғимараттарды қайтару, жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтарды қамту жұмысын жалғастырамыз. Ол үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік әлеуетін пайдалану қажет. Бұл 2010 жылы 95 мың 581 орындық 1132 мектепке дейінгі білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Онда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 43,3 пайызға, ал мектеп алды даярлығымен қамту 88 пайызға артады, — деді ведомство басшысы.
Елбасы биылғы Жолдауында балаларды мектепке дейінгі білім беру және оқытумен қамтамасыз етуді жалғастыру үшін «Балапан» бағдарламасын тапсырғанын, бұл бағдарлама орындалса, 2020 жылға дейін мектепке дейінгі білім берумен балаларды 100 пайыз қамтуды көздейтін кешенді бағдарлама екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *