Жұлдыз – жорамал

Тоқты. Айдың басын өз отбасың мен достарыңа арнағаның дұрыс. Жалпы бұл айда өзіңе қажетті мәселелер жағымды шешілуі мүмкін. 

Торпақ. Денсаулық – зор байлық. Спортқа көңіл бөліп, әрбір сәттен қуанышты көбірек іздегенің жөн. Достарыңның алдында мерейің үстем болып, көптеген шаруаларды тындырасың.

Егіздер. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңынан жүрем деп, денсаулығыңа ден қоюды естен шығарып алма. Уақыт тауып, спортпен шұғылданғаның артық болмас.

Шаян. Наурыз айын оқу мен ізденуге арна. Жалқаулық адамның үлкен жауы, сондықтан көп еңбектенгенің дұрыс. Сонымен қатар спортқа да көңіл бөлгенің жөн.

Арыстан. Қуанудың сәті түсті. Көптен күткен мәселелерің дұрыс ыңғайына қарай шешілмек. Жалпы өз достарыңнан қуанышты хабар келуі мүмкін.

Бикеш. Ойға алған жоспарыңды іске асыруға асықпайсың, батылың жетпейді. Бағыңды ұшырып алуың әбден мүмкін, сол үшін бар күш-жігеріңді салып, мақсатыңа жетуге талпын.

Таразы. Нағыз қуанышқа бөленіп, күліп жүретін уақыт келген сияқты. Бұл айда көңілді жүріп-ақ талай істі бітіріп тастайсың. Сенің көңіліңнің көтеріңкі болуы, сені қоршаған ортаға әсері мол болмақ.

Сарышаян. Жалқаулықтан арылу саған оңай болмаса да, осы айды толығымен оқуға арнағаның жөн. Сен үшін наурыз айы жаңалықтарға толы болады.

Мерген. Еңбек түбі – құрмет. Сондықтан бұл айда сенің еңбегіңнің еленіп, бағаланатын уақыты. Сол себептен әлі де талмай еңбектене бер, жемісін көресің.

Тауешкі. Көздеген мақсаттарыңа біртіндеп қол жеткізе бастайсың. Ай бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүресің. Наурыз айы саған үлкен табыс әкеледі.

Суқұйғыш. Достарыңмен сирек араласуың мүмкін, бірақ бұған бола ренжіме. Қыдыруға қай кезде де уақыт табасың, ең маңыздысы, ой көкжиегіңді кеңейту.

Балық. Бұл айда жол жүруің мүмкін. Ата-анаңмен бірге алыстағы туысқандарыңа барып қаласың. Ай басын жай бастағаныңмен, соңына қарай қарбалас шаруалар көптеп болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *