Ана үміті

Сәби шыр етіп дүние есігін ашты. Ана қуанышы шексіз. Көзінде қуаныш, жүрегінде шаттық. Ол болашаққа жаңа бір үмітпен қарағандай еді. Атар таң, шығар күннен де үміт күтеді.
Бұл бейбақ ана мына өмірде не көрмеді. Бәрін де бастан кешірді. Жастайынан жетім қалды. Кейіндеп кеде құдай қосқан жарынан айырылды. Көп азап шегіп жүріп, сол жарынан қалған жалғыз тұяқты өмірге әкелгені осы ғана еді. Ана көкірегінде өмірге деген өкпе-назы тарқап, бір бейбалаң шаң орнағандай еді. Енді ол баланың болашағы үшін қандай қиыншылық болмасын қарсы тұруға әзір. Осындай ойға бекінген олл нәрестесін көкірегіне қысып, құшырлана иіскеп қойды.
Ләйім ана тілегі орындалса екен. өйткені, ана үшін ең қымбаты – бала. Сондықтан әлемдегі бар ана біткенді сыйлайық демекпін. Ана — өмір көктемі. Анасыз тірлік жалғаспайды. Сөзімді ақын Төлеген айбергеновтың мына бір өлеңімен қорытқанды жөн көрдім.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

Шынаргүл ОҢАШЫБАЙ. Жамбыл ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *