Көктем

Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.

Көктем күні керемет,
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек.

Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып.
Қызғалдақ боп құлпырған,
Көктем –біздің балалық!

Ерзат ҚАЛИЕВ. ШҚО. Үржар ауданы,  Науалы ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *