Наурыз

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Көңіліміз шаттық пен нұрға толсын.
Жаңа жыл бәріңізге бақыт әкеп,
Би мен күй сыңғырлаған әнге толсын!

Наурыз келді, халайық,
Жиналып әнге салайық!
Күй мен жырды төгілтіп,
Бір мәз болып қалайық!

Жомарт ДӘРКЕНБАЕВ. Ш.Қ.О, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ