Әйел бақыты отбасында деп білемін…

10bet_f13 Бүгінгі біздің редакциямыздың қонағы әнші, әрі көпбалалы ана Қалбибі АБДУЛЛАЕВА.  

— Әңгіме басын туып-өскен өлкеңізден бастап, балалық шағыңызды бір еске түсіріп жіберсеңіз. 
— Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шалдар елді мекенінде дүниеге келдім. Отбасымызда тоғыз ағайындымыз. Әншілік өнерге бет бұруыма үлкен ағам Абылайхан көп септігін тигізді. 3-сыныпта оқып жүрген кезімінен бастап ән айта бастаппын, ең алғаш орындаған әнім Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әні еді. Кейінде  «Әлия» әнінің арқасында талай байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.  1995 жылы «Арай» конкурсында жүлделі орынға ие болып, «Жас қанат» байқауына жолдама алған болатынмын. Мектепті тәмамдағаннан кейін Шымкент Мәдениет институтына түсіп, оқуымды жалғастырдым. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған кейін, туған жерім – Шалдар ауылындағы музыка мектебінде директор болып бес-алты жылдай қызмет атқардым. Талай шәкірттерді әншілік өнерге баулып, мектебімнен түлеп ұшырған едім. Қазақ эстрадасының жұлдызы Заттыбек менің шәкірттерімнің бірі.   
10bet_f22— Сонымен қатар сіз бала тәрбиелеп отырған анасыз.  Отбасыңыз жайында әңгімілеп өтсеңіз.  
— Жарым Нұрлан Ташев екеуіміз бес бала тәрбиелеп отырмыз. Нұрсұлтан, Бақдәулет, Даниал атты ұлдарымыз, Нағима, Дариға есімді егіз қыздарымыз бар. Үш ұлым Шамалған ауылындағы орма мектеп-гимназиясында білім алып жатыр. Ал, екі қызым әлі кішкентай. Әйел бақыты отбасында деп білемін. Жарым Нұрланда өнер адамы. Композитор, өзінің жеке ән өңдеу, дауыс жазу студиясы бар. Екеуімізде Қарасай аудандық Мәдениет үйінде қызмет етеміз.
— Өнер әлемінде жүргендеріңізге бірталай уақыт болған екен. Репертуарыңызда бай шығар.
— Оннан астам әнім бар. «Сен сұлу», «Қазақы дастарханым», «Атамекен толғауы», «Аяулым» т.б. Соңғы «Аяулым» әніне жақында бейнеклип тусірдік. Осы өнерде маған көмегін аямай қолдау көрсетіп журген Талған Тауметке улкен алғымызды білдіргім келеді. Ол кісі менің продюсерім. 
— Шығармашылық жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз. 
— Жоспар көп. Оның бәрін қазір жариялап қойып, кейін орындалмай қалып жатса, ұят болар. Ең бастысы алдағы уақытта жеке альбомымның тұсауын кесіп, шығармашылық концертімді өткізсем деймін. Жаңа әндер жазып, тыңдармандарымды әсем әндеріммен қуанта бергім келеді.  
— «Мөлдір бұлақ» оқырмандарына айтар тілегіңіз.
— Оқырмандарыңызға жаңа жылда жаңа табыстар тілеймін. Ата-аналарын жақсы істерімен қуантып, үміттерін ақтасын дегім келеді.
— Әңгімеңізге рахмет. Өнер әлемінде тыңдармандарыңызға жаңа әндер сыйлап, қуанта берулеріңізге тілектеспіз.

   
    Әңгімелескен Айгүл ҚАНАТОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *