Өнерлі өрге жүзер

11bet_f41Әлі есімнен кетпейді. Мектепке алғаш барғанда, көзім Қазақстан картасына түсті. Кейін сол картамен түгел танысып шықтым. Әсіресе, еліміздің небір әсем қалаларын көруді қатты құмарттым. Бәрінен де бұрын әсем қала Астананы көргім келді. Бірақ қалай?..
Көп кешікпей осы арманым іске аса бастады. Ненің күшімен дейсіз ғой. Тура өнердің күшімен. Мен мектептегі тоғызқұмалақ үйірмесіне қатыстым. Бәлкім, өзіме ұнағаннан кейін болар, бұл өнер түрін тез меңгердім. Әрі жаңа жетістіктерге жете бастадым. Алғаш мектепаралық жарыста топ жардым. Сол жетістік мені Қазақстанның өзге де қалаларын көруіме жағдай жасады. Аудан орталығы Сарыағаштан бастап, Арыс, Ленгір, Шымкент, Кентау секілді қалаларды бір емес, әденеше рет көрдім.
Тоғызқұмалақтан кейде бірінші, кейде екінші орындарды алып жүрдім. Ақыры, Астананы өз көзіммен көрдім. Әсем көшелерін жалықпай араладым. Бұл мен үшін үлкен жетістік, әрі керемет қуаныш еді. Мен осы табысқа тек қана өнердің, оның ішінде спорттың арқасында жеттім.Өз достарыма  «Егер сендерде спортпен дос болсаңдар, оның тылсым сырын игеріп, жетістіктерге жетсеңдер, сендердің де армандарың орындалады» дегенді айтқым келеді. Сонымен қатар мен осы орайда өзімнің тамаша ұстаздарым Ұлзамира Сманова, Лесбай Әшімовтерді үлкен ризашылықпен айтар едім. Ұстаз сөзін үлгі етіп, спортпен достасыңдар, құрбыластарым, демекпін.

Мұхамед-Қанапия ШОХАНҰЛЫ. ОҚО.Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *