Берік ұстанымның бірі

11bet_f21Спорттың түрлері көп. Бәрі де адам жанына сергектік пен мықты денсаулық сыйлай алады. Ислам діні болса елдің спортқа деген қызығушылығын ертеден қолдап келеді.Риуаяттарда айтылғандай Пайғамбарымыз мергендікті өнер деп бағалап, онымен қатты әуестенген. Сонымен қатар ат жарысына қатысып, бәйге де алған. Күрес өнеріне де қатысқан. Руқана атты қарсылас шыдатпаған палуанды жығып,мерейі үстем болған. Ол заманда әйелдер спортқа онша қызыға қоймаушы еді. Әйтсе де Пайғамбарымыз Айша анамызбен бірлікте жаяу жарысқа қатысқан. Пайғамбарымыз жүзу өнерін Мәдина қаласында үйреніп, оны өмірінің соңына дейін машық қылған. Былайша айтқанда дін мен спортты бірлікте қарап, берік ұстанымы болған.

Айзат МҰХТАР.
 «МБ»-тың жас тілшісі.
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *