Күлегештер

12bet_f22Құрамы: 200 гр сары май, 1 стакан қант пудрасы, 2 стакан ұн, 300 гр крахмал, ванилин, 2 жұмыртқа, 3 қасық какао.
Какао мен ұннан басқаның бәрін араластырамыз. 1 стакан ұн қосамыз. Қамырды көз мөлшерімен 3-ке бөліп, бір бөлігін бөлек ыдысқа алып қоямыз. Қалған қамырға тағы 170 гр-дай ұн қосамыз да жұмсақ қамыр илейміз. Бөлек тұрған қамырға какао қосып, қамыр илеуге келгенінше 50 гр ұн қосыңыз. Нәтижеде, 2 ақ, 1 қара түсті қамыр болуы керек. Енді ақ қамырды 1,5 см қалыңдықта жайып, қалаған үлкендікте дөңгелек кесінділер жасаймыз. 12bet_f13Какао қосылған қамырдан көз-ауыз жасап, жабыстырамыз. Уақыт пен фантазияға қарай әр түрлі формада печенье жасауға болады. Мысалға, мұрты бар күлегешті немесе қалпағы мен шапаны бар аяз атаны… Арнайы майлы қағазға тізіп, 160С-та 20 минуттай пісіреміз. 
Астарың дәмді болсын!
Әзірлеген: Айгүл ҚАНАТОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *