Түлкінің жазасы

13bet_f12Түлкі, Үйрек, Қоян үшеуі дос екен. Қылышын сүйретіп қыс та келді. «Үшеуіміз бірігіп үй салсақ қайтеді?» — дейді Үйрек. «Өздерің сала беріңдер. Мен ептеп оңышып шығармын» дейді Түлкі.
Сөйтіп екі дос бірігіп үй салып алады. Қандай рақат. Іші жылы. Қақаған суықтан тоңатын түрлері көрінбейді.
Бір кезде есік қағылады. Есікті ашса, досы Түлкі. Ұсқыны қашып кеткен. Дір-дір етеді.
— Үйлеріңе кіргізші. Тоңдым, — дейді қалт-қалт етіп.
— Сендей опасыз достың бізге қажеті жоқ, — дейді олар.
 Түлкі досы жоқ, жалғыз екенін сонда білді.

Гүлнәр ӘБДІСАДЫҚ.  Қызылорда қаласы.  Жүргенов орта мектебі.

Суретті салған: Зерде Талдаубек.  Самсы ауылы

ПІКІР ЖАЗУ