Жер туралы деректер

54654Жер жөнінде не білеміз?

Жер – күн жүйесіндегі тіршілігі бар бірден-бір, бірегей планеталардың бірі. Сан қиля табиғат ерекшеліктері, аптап ыстығы мен қақаған аязы, миллиондаған жылдар бойы өсіп-өнген тірі организмдер мен өсімдіктер әлеміне бай планета. Дегенімен бүгінде Жер табиғат күштерінің әсерінен бөлек, адам әрекетінің ықпалынан көбірек өзгерістерге ұшырап келеді.

Жер қашан қалыптасты?

Күн және оның тоғыз планетасы шамамен бір мезгілде – 4600 миллион жыл бұрын қалыптасты.
Жер гравитация әсерінен өз ара бір орталыққа  тартылған айналмалы газдар мен шаңның ғарыштық бұлтынан пайда болды. Бұлт материясының көп бөлігі Күннің алып шарын құрауға кетсе, қалған бөлшектері планеталарды «жұмбаздауға» қатысты. Сөйтіп, сондай «жұмбаздың» бірі – біздің Жер болып шықты.
Ал енді көлеміне келсек, Жер – Күн жүйесіндегі үлкендігі бойынша бесінші планета. Сонда да, Жер өзінен 300 есе ірі Юпитер  планетасымен салыстырғанда, доп алдындағы жаңғақтай өте кіші.

Жер – магнит

Жер магниті планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр зарядтарынан пайда болады. Оның магниттік  өірісі көзге көрінбей алыс ғарышқа, Күнге бағытталып тартылады. Барлық магниттер сияқты Жердің де оңтүстік және солтүстік полюстері бар, сол полюстерінде магниттілік күштірек.

Жер қалай қозғалады?

14bet_f21Жер бір мезетте үш айналым бойынша өз білігенде, Күн орбитасымен және Күн жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде шексіз ғарыш кеңістігінде қозғалады. Бірінші кезекте, ол өз білігінің айналасында – полюстен полюске дейінгі көзге көрінбейтін білік сызығы бойынша айналады. Мұндағы бір айналым 24 сағатқа немесе бір тәулікке  тең. Екіншіден, ол ғарыш бойынша Күннің орбитасын, оның өріс күшімен тартыла отырып айналады. Мұндағы бір айналым 365 тәулікке немесе бір жылға созылады. Бір жыл ішінде Жер 938886000 км артық қашықтықты артқа тастай отырып, Күннің айналасын бір рет айналып шығады. Үшіншіден, ол Күн жүйесінің бір бөлігі  ретінде Құс жолы ғаламын (галактикасын) 250 км/сек жуық жылдамдықпен шексіз ғарыш бойынша қозғалады.

Жер су әлемі ме?

Жердің беткі қабатының 71%-ын су алып жатыр, сондықтан ғарыштан қарағанда, Жер мұхиттар планетасы сияқты  болып көрінеді. Ал, құрылық Жердің 29%-ын ғана құрайды. Планетадағы суды негізінен мұхиттар, көлдер мен өзендер, жаңбыр түрінде жауатын су булары құрайды. Жердің ең жаңбырлы аймақтары – экватор маңындағы жағалаулар мен аралдар. Батыс Африканың кейбір аймақтары мен Бразилияның Амазонка өңірінде жаңбыр күнде жауады.

Жер қандай қыртыстардан тұрады?

Жер тау жыныстарынан тұрады. Геологтар (жердің тау жыныстарының тарихын зерттейтін мамандар) Жерді қатпарланып жатқан алып сэндвичке ұқсатады. Олар тау жыныстарын зерттей отырып, Жердің қалыптасу тарихын зерттейді. Тау жыныстары бізді отынға арналған көмір және цемент дайындауға арналған әк сияқты материалдармен қамтамасыз етеді. Ол қатпарларда сондай-ақ  ежелгі дәуірлерде өсіп-өнген жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтарының іздері бар.
Жердің тас қабаты – бұл ең қалың бөлігі, «жас» тау жоталарының астында жатқан (қалыңдығы 40 шақырымға дейін) жер қыртысы. Бұл қыртыс мұхит суы астында анағұрлым жұқа (5 және 11 шақырым аралығында) болады. Құрылықтардың тау жыныстары мұхит астындағы жыныстарға қарағанда анағұрлым ерте пайда болған.
Тау жыныстарының үш түрі бар: жанартаулық, шөгінді және метаморфозалық. Жанартаулық жыныстар Жердің тереңінде жатқан, магма деп аталатын балқыған тау жыныстарынан түзілген. Магманың ыстықтығы соншалық, (10000С жоғары) ол ылғи балқып жатады. Және өте қатты қысыммен сығылған күйде болады. Магма жанартаулық әрекеттердің әсерінен жоғарыға атқылап шығып, қоймалжың күйінде жотамен төмен ағып, суып қатқан бойда тау жынысына айналады.
Батпақ пен құмдауыт сияқты шөгінді жыныстар жел мен судың әсерінен түзіледі. Өзендер мен ағынды судың әсерінен мүжіліп, құм қиыршықтарына айналған жыныстар сумен ілесіп ағып, өзен сағалары мен көл, теңіз табандарына құм немесе лай-батпақ күйінде шөгеді. Шөгінді қабаттар бір-бірінің үстіне жиналып, қатты жынысқа айналғанға дейін жоғарғы қабаттың ауырлығынан қатпарлана сығылады.
Метаморфоза «өзгеріс» дегенді білдіреді. Яғни, әр  түрлі жыныстар химиялық үрдістің, ыстықтың және үлкен қысымның әсерінен тау жыныстарының  басқа  формасына өзгеріп отырады. Сондай-ақ олар арқылы магма өткен кезде немесе жер қыртысы тау жоталарының  астында қозғалған кезде де өзгерістер түзіледі. Мәселен, әк тас осындай әсерлерге ұшырай отырып, мәрмәрға айналады. Немесе тірі организмдер мен өсімдіктердің тозған және сығылған құрамдас бөліктерінен түзіледі. Сондықтан тау жыныстары әр түрлі минералдардан тұрады.

Жердің ішінде не бар?

14bet_f13Жер қабығының ішкі жағы мантия деп аталатын, өз кезегінде жұмыртқа сияқты екі қабат ядродан құралған, тау жынысының ыстық, жартылай  еріген қабатынан тұрады. Ядро немесе Жердің ортасы – бұл өте ыстық балқыған күйдегі тау жынысының қатты шары. Ядро қабатына бұрғылаумен  жету мүмкін емес. Неғұрлым тереңдеген сайын соғұрлым ыстығырақ – жердің ядросы 40000С балқып қатқан күйде болады.

Статистикалық мәліметтер

Жер шеңберінің қалыңдығы экватор бойынша – 40,075 км, полюстер бойынша – 40,008 км. Сол себепті Жер шары доп сияқты дөп-дөңгелек емес, асқабақ сияқты екі полюсінен сығыңқылау болып келеді.
Құрылық аумағы – 29%, су аумағы – 71%.
Жер шарындағы ең жоғарғы температура – Солтүстік Африкадағы Ливияда – 580С ыстық.
Ең төменгі температура – Антарктикада – 89,60С суық.
Жердегі ең көп  таралған химиялық заттар – оттегі 47%, кремний 28%, қалайы 8%, темір 5%.
Әлемдегі ең көп таралған химиялық элементтер – сутегі, бірақ Жерде бұл оттегі, ол планета салмағының 47% құрайды. Элемент дегеніміз атомдардың тек бір түрінен  ғана тұратын газ, сұйық немесе қатты күйде кездесетін зат.

«Сұрақ және жауап» энциклопедиясы бойынша Дайындаған К. КӨКТЕМҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *