Жұлдыз – жорамал

Тоқты.   Айдың бірінші жартысында іскерлік қабілетіңді арттырғаның жөн. Бастаған ісіңді уақытысында аяқтауға тырыс.

Торпақ.  Өз-өзіңе сенімділік пен іске құлшына араласу кез келген қиын істердің шешімі болмақ. Дәл осы қағиданы қолданған торпақтар әрдайым алдыңғы қатарда болады.

Егіздер.  Көптен бері қол жетпестей  көрінген арманың аяқ астынан орындалып, мақсатыңа жеткендей болып, өзіңді өте бақытты сезінесің.  

Шаян. Айдың  соңына қарай уақытың жеткілікті болғандықтан, көңілің қалаған іспен шұғылданасың. Тарихи шығармалар оқуға құлшынысың арта түседі.   

Арыстан.  Бұл кезде арыстандардың айы оңынан туады, алда оларды сәттіліктер күтіп тұр. Үйде де бәріне үлгеріп, үлкендерге көмек көрсетуге асығасың. 

Бикеш.  Ақпан айы саған үлкен табыс әкеледі. Дос-жарандарыңның арасында мерейің арта түспек. Ойлаған жоспарларыңның барлығы дерлік шешемін табады.

Таразы. Жұлдыз болжамына қарағанда, ақпан айы  таразылар үшін өте көңілді өтеді. Айдың басында алыстағы туған-туыстардан жақсы хабар аласың.  

Сарышаян. Сенің бедел, танымалдығың өсіп, өз ортаңда абыройың асқақтайды. Ең жақын досыңның адалдығына көз жеткізесің. Көптен ойлап жүрген ісің жүзеге асады. 

Мерген. Бұл айда көптен күтіп жүрген қуанышқа бөленесің. Өзіңнің ашық мінезіңмен айналаңдағы адамдарды баурап аласың. Жақындарыңнан сыйлық алып қуанасың. 
  
Тауешкі. Ақпан айында жұмыс істеу қабілетің артып, өз күшіңе деген сенімділігің артады. Бос уақытыңда ата-анаңа көмектесіп, олардың ризашылығына бөленесің. 

Суқұйғыш. Көптен бері айналыспай кеткен ісіңді қайтадан қолға алып, бос уақытыңды соған жұмсайсың. Айдың аяғында жол жүруің мүмкін.  

Балық. Қолға алған ісіңді аяғына дейін жеткізе біл. Әр бір іске жауапкершілікпен қараған жөн. Ақпан айын білім-білігіңді жетілдіруге арнауға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *