Қар астында

Бірде көкем қойларды қорадан сыртқа шығарған. Қалың жауған қар бір-біріне тығылып үйездеп жатқан қойлардың үстін жауып, қармен тұмшалап тастаған. Содан көкем қойлардың қайда кеткенін білмей іздей бастайды. Көп ұзамай қойларды қар басып қалған жерінен тауып алды. Содан қар астында көміліп қалған қойлардың үстін  күрекпен аршып, оларды қораға кіргізді. Мен қардың астында жылынып жатқан қойларға өте таң қалдым. Ауылда әр уақытта осындай қызықты оқиғалар көп болады.

Мерей ЕСЕНБЕКОВА,
№ 147 мектеп-гимназиясының
3 «ә» сынып оқушысы.
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *