Шет елде оқу

Әрбір тұлға бала кезінен шетелде оқуды армандайды. Өйткені айналамыздағы адамдар шетелде оқудың керемет, болашағы бар және қызықты екенін айтады. Әрине, шетелде оқудың жақсы тараптары көп. Сіз шетелде оқу арқылы жақсы білім алуыңызға және жақсы жұмыс табуыңызға болады. Өйткені отандық білім беру жүйесі әлемдегі ең жоғары деңгейден алыс және шетелде білім алудың айтарлықтай артықшылықтары бар. Сол себептен көптеген жастар шетелге баруға, сол жерде оқуға және қалуға тырысады. Сіздің шетелде өткізген уақытыңыз сіз үшін үлкен тәжрибе. Сіз ол жерде оқу арқылы өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді және өмір сүру жағдайыңызды жақсартасыз. Бірақ, шетелде оқудың артықшылықтарымен бір уақытта кемшіліктері бар екенін ұмытпаған жөн. Бүгін біз сіздерге шетелде оқудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтатын боламыз.

Артықшылықтары

Халықаралық диплом
Халықаралық диплом сіздің болашағыңыздың жақсы әрі табысты болуына себеп болатын құрал, айырықша куәлік. Өйткені қазіргі таңда көптеген компаниялар шетелде оқып келген және халықаралық дипломы бар жас мамандарды жұмысқа алады. Осылайша сіз шетелде оқу арқылы жұмыс мәселесімен бас қатырмасаңыз да болады. Шетелдік диплом сіздің болашақтағы түйіндемеңізге оң септік болатын дүние.

Сапалы білім
Мана жоғарыда айтып кеткендей Қазақстанның білім беру жүйесі шетелдік жүйеден алыс әрі артта. Ал, шетелде сіз сапалы білім ала аласыз. Шетелдік жоғары оқу орындарында студенттерді қажетті оқу ресурстарымен қамтамасыз етеді. Мұндағы соңғы үлгідегі зертханалар, кітапханалар, өз кәсібінің шебер оқытушылары мен тәжірибесі бар тұлғалар сіздің жақсы әрі сапалы білім алуыңызға мүмкіндік береді. Өз оқу орныңызда алған біліміңіз және тәжрибеңіз сіздің мәнсапты болуыңызға үлкен рөл атқарады.

Елде тұру және жұмыс жасау
Шетелде тұру өте қымбат. Сол себептен сіз сол елде тұрып оқи жүріп жұмыс істей аласыз. Өйткені шетелде шетелдік студенттердің аптасына 20-40 сағат арасында жұмыс жасауына мүмкіндік берілген.

Шет тілін үйрену
Кез келген шет тілін тез әрі сапалы үйрену үшін сол елде тұру керек. Өйткені сіздің жаныңыздағы адамдар сол тілде сөйлейді. Яғни, сізде теориядан көрі практика көбірек болады. Сізде сол елдің атмосферасына кіруге керемет мүмкіндік болады. Осылайша сіз шет тілін тез үйренесіз.
Жаңа достар табу
Сіз оқу барысында бірге өмір сүретін және сөйлесіп сыр айтатын жаңа достар табасыз. Бұл достарыңыз немесе таныстарыңыз сіздің болашақ мәнсап жолыңызда әріптестеріңіз болып қалуы да мүмкін. Осылайша сіз шетелде өз ортаңызды құрасыз.

Өмірлік тәжірибе
Сіз шетелде оқу арқылы көп тәжірибе жинайсыз. Білім саласынан немесе жеке өмірден болсын қай тараптан болса да, өз еліңізде кездеспейтін ерекше тәжірибе ала аласыз. Бұл сіздің болашақ өміріңізге үлкен септігі бар.

Шетелде қалуға мүмкіндік
Сіз шетелде оқуыңызды аяқтап сол елде жұмыс жасап қала аласыз. Бірнеше жыл сол елде тұру арқылы болашақта сіз сол елдің азаматы немесе азаматшасы атана аласыз.

Кемшіліктері

Жоғары бағалар
Шетелде оқудың ең үлкен кемшілігі қымбатшылық. Қазақстанмен салыстырғанда шетелде тұру бірнеше есеге қымбат шығады. Қазақстандағы отбасыңыз айма ай жіберетін ақшасы сізге кейде он күнге де жетпей қалуы мүмкін. Сол себептен ақша табудың басқа жолдарын қарастырып қойған жөн.

Құжаттарды дайындау
Шетелге оқуға түсу алдында сіз көптеген құжаттар жинайсыз. Ол құжаттарды жинау 5-6 айға дейін созылуы мүмкін. Сол себептен сізден ең бастысы шыдамдылық әрі ұқыптылық талап етіледі.

Студенттік визаны алу және ұзарту
Студенттер университетке қабылданған сертификатын алғаннан кейін визаға тапсырады. Бірақ, виза барлығына дерлік беріледі деген сөз емес. Кей жағдайларда студенттер виза ала алмай жатады. Алған жағдайда да шетелге барғаннан кейін визаның уақытын ұзарту қиын.

Географиялық алыс болуы
Сіздің оқуға түскен жеріңіз өз еліңізден алыс болады. Сол себептен сіз жақындарыңызды көруге жиі келіп тұра алмайсыз. Сізді өз еліңізбен жақындарыңыздан мыңдаған шақырым бөліп тұрады.

Әуе билеттерінің құны
Шетелге ұшу оның ішінде алыс Еуропа, Америка және Азияға ұшу билеттері мыңдаған доллар тұрады. Бұндай бағаны әр студенттің қалтасы көтере бермейді.

Оқу ақысы
Шетелде оқу отандық білім құнымен салыстырғанда біраз қымбат. Кей бір оқулар жуздеген миллион тұруы мүмкін. Сол себептен грантты бар оқу орнына түскен жөн.

Мәдени шок
Сіз шетелге алғаш барғанда мәдени шок болары анық. Өйткені, әр елдің өз дәстүрі, өзіндік көзқарасы бар. Сіз бұрын соңды өз еліңізде көрмеген дүниелерді көріп таң қаласыз. Сіз сол елде оқып, сол елдің тілін және мәдениетін білгіңіз келсе сол елдің шарттарына көнуге тура келеді.
Бүгін біз сіздермен бірге шетелде оқудың жақсы әрі жағымсыз жақтары бар екенін білдік. Бұл мақалам сіздерге яғни болашақ студенттерге көмек болды деген үміттемін.

Есбол Мухаметханұлы,
Сүлеймен Демирел Университеті журналистика факультетінің студенті

ПІКІР ЖАЗУ