Құттықтаймыз!

5bet_f11Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының мәдени өмірінде үлкен жаңалық болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат минстрлігі аталмыш басылымның бас редакторы Жанастан Кучукованы еліміздің баспасөзіне, оның ішінде балалар басылымын насихаттаудағы ерен еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағымен марапаттап, арнайы төсбелгі табыс етті. Осыған дейінгі көп жылдарын қазақ баспасөзінде өткізіп келе жатқан қаламы жүйрік публицист, танымал журналистің бұл кезекті еңбек жетістігі еді. Әріптесіміз, Қазақстан журналистер одағы Жамбыл атындағы сыйлығының лауреаты, толып жатқан қоғамдық- әлеуметтік мақалалардың авторының кезекті шығрамашылық табысы десе де болғандай.
Журнал ұжымы және мыңдаған жас жеткіншіктер атынан Жанастан Кучукованы Тәуелсіздік күнінде табыс етілген осынау жаңа шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, шығармашылық толағай табыстар тілейміз.

Ізгі тілекпен: «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы.

ПІКІР ЖАЗУ