АНАМА ҰҚСАҒЫМ КЕЛЕДІ (Түркиялық балалар жазушысы Ташеттин Шимшектің «Yeşil Gözlü Kardan Adam» кітабынан «Anneye benzemek güzeldir» хикаясы)

Қиялым бұлттарға жету, құстармен, көбелектермен жарысу. Егер жапырақтарым мен қанаттарым болғандағой!.. Соншалықты сілкінсем де болмайды. Өйткені, әлі біраз ертерек. Әлі уақыты келген жоқ.
Тамырларымда жіңішке әрі ыстық бір сұйықтық айналып жүр. Суға тойып алдым. Құйқылжыған әдемі дауыстар естимін. Ең алдымен құлағыма анамның үні. Ананың дауысы ең ғажайып үн. Ана құшағы ыстық бір тыныс. Көзқарасым да анамның қарағанына ұқсайтынын білемін. Анама ұқсағым келеді. Анаға ұқсау керемет!
Бір алма ағашының тал ұшындамын. Алдымен кіш-кентай ғана бүршік боламын. Маған ол жетпейді. Күлім-сіреп жүргім келеді. Жер жү-зіне күлімсіреген жылы шуақ шашқым келеді. Күлімсіреген бір адамның жүзіне айна болуым керек.
Көрші талда бір бүршік қабығын жарды. Қиын болады, бірақ қиын болса да осылай болуы керек. Қалай болатынын білмеймін бірақ, болады. Яғни, өте әдемі болады. Оны қызғанамын ба, әлде не? Мұным әзіл! Не үшін қызғанамын? Бәріміз бір жарықтың сәулесі, бір ағаштың бүршігі емеспіз бе?.. Осы мен бір мейірімді-күлімсіреудің көрмесін аша алсам ғой. Мейіріммен күлімсіреу көрмесі ме? Шынында, ана, оған рұқсат бар ма? Перделерді араласам, терезелерді ашсам, тысқа қарасам, көк жүзін көрсем…
Үстімдегі тозаңдарды сілкілеймін. Бүгін менің тазалық күнім. Әлі біраз жапырақ бар үстімде. Айналамда, арғы жақта, бергі жақта мен секілді ондаған, жүздеген, мыңдаған бүршіктер тырмиып келеді… Бәріміз де сабырмен күтудеміз. Әрбір дәннің көгеріп өнсем деген қалауы бар. Әр дәнекте көктеп өссем деген қиялы, арманы бар.
Өзімді кейде жоқ секілді сезінемін. Ішімде гүлге айналуға деген соншалықты бір ықыласым бар! «Гүл бол!» дегендей бір дыбысты естимін. Бұл дыбыс жүрегіме жетеді. Жүрегім мені гүл болуға – гүлге айналуға мәжбүрлейді. Бұған мәжбүрмін, айрықша мұны қалаймын да. Алдымен гүл болу! Адамдарға сыйлық ретінде ұсыну. Содан кейін жеміске айналу!
Мен үлкен бір өрік ағашының тал ұшындамын.

Жаңбыр тамшыларының терезе әйнектеріне тигенде естілетін дыбысына ұқсас бір дыбыс естимін:
«Кетсең гүлге айналып алып кет! Бір жеміс гүлі бол! Күннің көзінен сүзілген жеті түсті реңді ал, бойыңа сіңір. Сәнді әшекейлі қалаған бір көйлек ки! Солай бір қара, айналаңа! Бірі су тамшысы болып кетеді, бірі қар қылауына айналады. Бәрі өзінше күнге айна болады, жарықты шағылыстырады. Сен де гүлге айналып кет! Күн шуағына, жарық сәулеге айна бол!»
Иә, гүлге айналғым келеді. Есімім «Гүл» болуы керек. Одан кейін… Одан кейін не болады? Одан кейінгісі оңай. Яғни, бұл жерден қарағанда солай көрінеді. Ішімнен бір құс қанат қаққысы келеді, мен ұшуға әзірмін. Дәл осы сәтте үстімнен көк қанатты, күміс тұмсықты бір құс ұшып барады. Атын білмеймін бірақ бола берсін. Оны жақсы көремін. Маған балаша күлімсірей қарайды. Қалай десем екен? Көрші талдың бүршігіне ұқсайды. Оны да әркім асыға күтеді қазір. Көрейік, томпақ бүршіктің ішінен қауызын жарып гүл қалай шығады екен?
Әр талда бір асығыс құлшыныс, әр жапырақта бір харекет бар. Не болар екенбіз? Жол қайда бастар екен? Күнге, айға, жұлдыздарға… адамдардың жүздеріне, балалардың көздеріне… Яғни, бұтаққа қонғанда құстың қанатына қолың жетердей бір әлем. Алла-тағалам бұл не деген керемет! Бұл бақыт сенен келеді. Қарсыдағы үйдің терезесінен бақшаға бір жарық түсіп тұр. Түнгі сағат неше екенін білмеймін. Алдымен бір сәбидің жылаған үні естіледі, үзік-үзік, ықылықтап-ықылықтап естіледі. Негізінде оны жылау деп айтуға болмайды. Бөбектер ұйықтап жатып ықылықтай, қатты күліп жылай ма? Олай болса, үлкендер неге бұны «жылау» деп атайды?
Көріп тұрмын. Бір періште бөбектің маңдайынан иіскейді, бетіне үңіледі. Бөбек те жылауын тоқтата қояды. Енді бір сәтте жайнаң-жайнаң етіп күлімсірейді. Содан кейін тоқтау сулар секілді бір жайбарақат ұйқыға шомады. Ұйықтап жатып тағы да күлімсірейді. Бәлкім, оны періште қытықтайтын шығар. Мен періште деймін, ал сіз оны пері деп те айта аласыз. Ол сәби егіз бауырларым болса ғой. Оған жүрегімді ашар едім, ықыласымды білдірер едім.
Сағаттар өтіп жатыр.
Тағы бір рет сілкіндім. Айналамды жапқан жапырақ қабықтары сытырлайды. Ішім (қарыным) керіліп кеңейіп барады. «Аз қалды», деймін өз-өзіме. «Әлі де біраз сабыр». Сабырмен гүлге айналады. Сабырмен жеміс болады. Менің анам – сабырлылықты үйрететін ұстазым. Қанша қысты көрді, қанша көктемді өткізді. Сол себепті де сабырлы.
Дегенмен бұл менің көктемім. Бұл көктем менің ең алғашқы көктемім, ең алғашқы жазым болады. Мен өте өзімшілмін бе? Мені жақсы көріңізші! Толқудан не айтқанымды білмей қалып жүрмін!.. Мені түсініңізші! Ертең жаңа күн басталады. Менің гүлге айналатын күнім. Ішімде бір мөлдір су сырылдап ағып жатыр.
Жоқ! Ішімде бір алып теңіз толқынданып барады. Әлде әлгі бақыт дегендері осы ма? Жүрек соғып, көзім мөлдіреп, жанып елжіреп, бойым дірілдеп барады… Бақыттан көздерім буланып, жанарым суланып барады. Бұл әлде оғаш па? Қалай ойласаңызда өз еркіңіз, бірақ, түсіндіру сондай қиын!
Жүрегімнің тілі бар. Оның сөйлегенін күтсеңіз, құлақ салып тыңдасаңыз дұрыс болар еді. Түсіндіргендерімнің барлығын да жүрегімнен тыңдасаңыз. Ең дұрысы түсіндіре алмағандарымның барлығын… Бір естісеңіз ғой… Әлбетте тыңдай аларсыз. Құлақ салсаңыз жетер. Мен де тыңдармын сізді. Біз тіл табысып сөйлесерміз.
Ертең менің гүл болатын, гүлге айналатын күнім. Мен үшін ұлы күн. Сіздер менің мерекеме шақырылдыңыздар. Мен міндетті түрде сіздерді күтемін. Келесіздерғой, солай емес пе?! Біз жапатармағай, қауызымыздан жарып шығамыз… Сіздер келгенде не көресіздер? Сіздер, бір ағаштыңтұтастай гүлдеп тұрғанын көресіздер!
«Ее, мұнда не бар?» дерсіздер. «Бұл әр көктем сайын көретін бір көрініс. Мұны бәрі біледі», дейсіз бе? Жоқ, бұл өзіңіз білетіндей жәй нәрсе емес. Көктем бірдей болар, бірақ, гүлдердің бәрі бірдей емес. Сіз бұтақтардан көрген гүлдер – ағаштың жаңа сөздері. Ол оның тілі, сізге жап-жаңа бір хикаяны баяндайды.
Оқығыңыз келмей ме?!..

Еркегүл Арыққарақызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *