Он саусағынан өнер тамған – Айым қыз!

Менің сүйкімді сыныптас құрбым бар. Аты – Айым. Ол өте өнерлі, шебер, қолынан келмейтіні жоқ. Мен оны осы қасиеті үшін қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Әр мерекелерде, мұғалімімізбен бірігіп, тәрбие іс-шараларында безендіру жұмысын керемет етіп көркемдеп жібереді. Оның бұл еңбегін біз сынып болып қатты бағалаймыз.
Айым бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық қолөнер сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алып, сыныбымыздың, мектебіміздің, тіпті ауданымыздың абройын асқақтатып, мәртебесін көтеріп тастады. Мен осындай құрбым үшін мақтанамын!

Дариға Авдиева,
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Мәди Бәпиұлы атындағы ЖОББ мектебі
4 — сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ