Алуан-алуан жүйрік бар…

АҚЫН БОЛАМ ӨСКЕНДЕ

Менің атым Аружан
Дәл он жастан асқамын.
Бағындырсам деп келем,
Өлеңнің биік асқарын.

Қалайтын қыз мен едім,
Биік турғанын бағамның.
Есімде сақтап келемін,
Өсиетін бабамның.

Қарыштап алға басайын,
Қасиетімен даланың.
Себебі алдым ақылын,
Әке менен ананың!

Көсемсіген емеспін,
Аталы сөзге тоқтадым.
Дәстүрді жиып бойыма,
Салт-сананы сақтадым.

Асқар шыңдарға ұмтылып,
Қанатымды қомдармын.
Ұлы Абайдың келеді,
Шәкірті болып сомдалғым!

Шабыттанып кетемін,
Самалы жырдың ескенде.
Таңқалмаңдар ағайын,
Ақын болып өскенде!..

ЕРЕКШЕ КҮН!

Бүгінгі күн ерекше ғой, тамаша,
Ән салайық, би билейік шаттана.
Барша бала аман болсын әлемде,
Жар салайық жақсылықпен мақтана!

Балаларды қуантыңдар әрқашан,
Жыламаңдар, мұңаймаңдар, бәріңде,
Ата-анаң аман болсын әркезде,
Сонда болар мереке күн әр үйде!

ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!

Қазақстан қалықтаған қыраным,
Ұлы Ордасы өшпейтұғын мұраның.
Еркіндікке бастап берген баласын,
Мойнындағы мәңгі таққан тұмарың.

Қазақстан қасиетті киелі,
Ғасырларға мойымаған ұлы елім.
Азаттықтың түсіндіріп қадырын,
Әр қазақтың елжіреткен жүрегін.

Қазақстан қаншама ұлтқа төр берген,
Еркіндігін алты әлем ел көрген.
Қазақстан жырлап өтем өзіңді,
Сағат – жүрек тоқтағанша кеудемде!

САҚТЫҚ

Уа, халқым, ағайын!
Үйде болу қиын ба?
Дерттің бәрі кеткенше,
Төзіп мынау қиынға.

Күні-түні бекетте,
Сарбаз қорғап тұрғанда.
Ақ халатты абзал жан,
Ойын бізге бұрғанда.

Айтыңдаршы ағайын,
Тәртіп сақтау қиын ба?
Кетпеңіздер ілініп,
Індет деген құйынға!

Аружан Жарылғасын
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы,
«№18 жалпы орта білім
беретін мектеп» КММ
4 «Ә» сынып оқушысы.

Сынып жетекшісі:
Жакина Рымгүл Токтаровна
Бастауыш сынып мұғалімі

ПІКІР ЖАЗУ