Туған жер

Әр адамның өз ортасы, туған жері болады. Менің де өз ортам, туған жерім бар. «Туған жер – тұғырың», — дейді халық. Әрине, елді, жерді, Отанды жырламаған жырау, шешіле сөз етпеген шешен жоқ. Жерінің бүтіндігі мен елінің еркіндігі үшін күресіп, өр кеудесін оққа тосқан батырлар қазақ тарихында аз болмаған. Олар – елінің мақтанышы. 
Туған ел – асыл қазына. Ал осы қазынаны біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет.
Мен қазақ болып туылғанымды мақтан етемін. Отаным, елім қазақ елі екенін мәртебе санаймын.

Самал ҚАЛДАРБЕКОВА.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Созақ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *