Қиял – ең биік шың

Қиял деп отырғанымыз адам баласының миының ішіндегі нейрондардың өзгеше заттар ойлап табуы болып табылады. Қиял тек адамзатқа тән қасиет екенін білдіңіз бе? Сол себептен де адам баласы әрдайым жаңа заттар ойлап шығаруды бастап, қазіргі таңда керемет дамып отыр. Тек адам баласының қиялы арқылы біз қазіргі таңда осындай ғажап, дамыған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бәрі тек мидағы қарапайым жүйрік ойдың арқасында.
Қарап отырсам, мен жазып отырған компьютердің өзі, мен тұрып жатқан көп қабатты үй, мен күнде қасымнан тастамай жүрген ұялы телефон, ішіп жүрген дәрімнің өзі осы қиял деген құбылыстың арқасында жарық дүние есігін ашқан екен ғой…
Неге біз қиялымыз арқылы өзімізді көркетпейміз?!
Неге жалқаумыз?!
Неге бізде бар шектеусіз мүмкіндікті қолдана алмаймыз?!
Қашанға дейін дайын затпен өмір сүреміз?!
Сұрақ қойдым, енді өзім жауап берейін. «Қазақстан – тұтынушы ел» — деп көбі айтып жатады. Мен осыған кейде келісемін де. Себебі, біздің жастардың көп бөлігі өзінде бар мүмкіндікті қолданбайды; сылтау көп айтады; қысқасы уақыттың көбін өз қолдарымен өлтіруде. НЕГЕ?!
Егер де біз жалқауланбай, қиялымызды іске қосып, түрлі заттар істесек, мейлі қолдан жаңа зат шықпай-ақ қойсын, дегенмен де әр түрлі сурет салып, өлең шығарып, жазушы болсақ та болады ғой, ия? Демек, шешімі табылды. Мейлі, біріміз жаңадан химиялық тағам ойлап тауып, қиын заттарды жасамасақ та, өзіміз білетін заттарды жаңартсақ, одан әрі дамытсақ, міне сол қиялдың ең биік шыңы емес пе? Бұл сөзіме дәлел ретінде мысал айта кетейін: Менің қолымнан ғалым болып заттарды зерттеп, жаңа зат шығару қолдан келмесе де, мен өзімнің шығармашылық қабілетім арқылы халықты өзгерте аламын. Егер де, мен бұл қабілетімді дамытсам, мен қиялымның ең биік шыңына шыққан боламын.
Адам баласы үнемі жаңалықтарды ойлап табуы керек, үнемі алға жүріп, өмірін көркейте білуі, шексіз қиялымызды пайдалана білуі керек деп білемін.

Ақерке ҚАРАҚҰЛ, №59 мектеп – гимназиясының 9-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ