Білгенге маржан

1. Үш би – Үйсін Төле би, Арғын Қазыбек би, Алшын Әйтеке би.ush_bi1
2. Үш дана – Абай, Шоқан, Ыбырай.
3. Үш қат – Жоғарғы қат (аспан), ортаңғы қат (жер үсті), төменгі қат (жер асты).
4. Үш ақиқат – қымбат – шындық, арзан – өтірік, даусыз – кәрілік.
5. Үш қуат – ақыл, жүрек, тіл.
6. Үш ғайып – ажал, қонақ, несібе.
7. Үш тіл – қайратсыз ашу, шәкіртсіз ұстаз, тұрлаусыз ғашық.
8. Үш билік – дәулет, даналық, билік.
9. Үш кедейлік – кекірлік, еріншектік, ұйқы.
10. Үш арыс – Сәкен, Бейімбет, Ілияс.
11. Үш бақытсыздық – жаман ат, жаман әйел, жаман көрші.
12. Үш қадірлі – ырыс, бақ, дәулет.
13. Үш қасиет – өліде – аруақ, малда – кие, аста – кесапат.
14. Үш қуаныш – алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ізіңнің өшпеуі.
15. Үш асыл – көз, тіл, көңіл.
16. Үш арық – адалдық, еңбек сүйгіштік, өнерпаздық.
17. Үш кем – надандық, еріншектік, зұлымдық.
18. Үш ынтық – еркін өмір, құрметке бөлену, пайдалы еңбек ету.
19. Үш тағылым – мейірімнен – сауап, жақсылықтан – шарапат, жамандықтан – кесапат.
20. Үш байлық – денсаулық, ақжаулық, он саулық.

Дайындаған: Балнұр ҚОЖАХМЕТОВА.
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Шөмішкөл елді мекені.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *