Біз Абайдың ұрпағымыз

Жырдан маржан құрайын,
Шалқып та, тасып тұрайын.
Құнанбайдың ұрпағы,
Мен Абайды жырлайын.

Боламын десең ұлт ұлы,
Тәмәм елге үлгілі.
Абайды зерттеп үйренсең,
Білімнің осы шындығы.

Қазақ деген ұлт биік,
Таң қалдырған талайды.
Күллі әлемге әйгілі,
Ұлы ақын Абай-ды.

Сұлу жырдың сұңқары,
Қаламы жырмен шыңдалды.
Біз боламыз болашақ,
Ұлы Абайдың ұрпағы.

Нұрдаулет АБДИХАДИРОВ, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан мектебінің
4-сынып оқушысы
Сынып жетекшісі:
Есполова Рабига Досановна

ПІКІР ЖАЗУ