Ұстазы жақсы қандайды…

Мектептегі оқушының білімге құштарлығы – ұстазына байланысты. Білім мен тәрбиедегі осынау салмақ бастауыштың мұғаліміне көп түседі. Білім кемесінде балғын шәкірттерін алға сүйреп келе жатқан ұстаздың бірі Рахметова. Менің немеремнің ұстазы. Байқағаным, оқушылар мүғалімді екінші анасындай жақсы көреді. Тәттігүл Жұманқызы балаларды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, көпшіл болуға тәрбиелейді. Ізденуге үйретуде. Балалары көркем әдебиет оқуға дағдыландыруда. Осыдан келіп, ұландардың шығармашылыққа деген құлшынысы артуда. Менің ойымша, әр бастауыштың ұстазы осындай болуы керек.
Суретте: Тәттігүл Рахметова шәкірттермен бірге.

З. ШАРБАҚЫНҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі.
Үмбеталы ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *