Жапон мақалдары

Ақиқат екеу болмайды
Ертең не болатынын ешкім білмейді.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді.
Мейірім бар жерде жауыздық та болады.
Құдықта өмір сүретін бақа теңізді білмейді.
Егілген талды самал сындырмас.
Әдемілік бақытпен бірге жүрмейді.
Орақпенен суды кеспе.
Адам – сөйлейтін хайуан.
Ақша бір жерде тұрмайды.
Шөлдеген адам су таңдамас.
Ақша –дұшпан.
Кім жеңімпаз болса, сол мықты. Жеңімпазды айыптамаңдар.
Өткен өтті-кетті.
Қорқынышты нәрсе қызық болады.
Ақымақтықтан қорқынышты нәрсе жоқ.
Ескі мақал сізді алдамайды.
Бақыт бар жерде қайғы да болады.

Жолбарыстың інінен қашып айдаһардың үңгіріне кіріп кетпе.
Әкесі қандай болса, баласы да сондай болар.
Адамның өмірі қысқа, шен-шекпен мен байлық өткінші.
Жығылмастан бұрын амал жаса.
Көп сөз көп ұят келтіреді.
Қайғы бар жерде бақыт жасырын тұр.
Еріндер жоғалса тістер сақталып қалады.
Алдындағылардың бақытсыздығы соңындағыларға сабақ болады.
Өлгендер сөйлемейді.

Доңыздың құйрығы болғанша қораздың тұмсығы болған жақсы.
Өмірде барлық нәрсе өзгереді.
Шап беруді білмесең өмір сүре алмайсың.
Қисық бұтақтың саясы да қисық.
Киім адамды көркейтер.
Егілмеген дән өнбейді.
Сабыр – өмірлік қазына.
Жеміс ағашын гүлінен білуге болады.
Мейірімді жүрек әдемі түрден жақсы.
Жолда жолдас керек, өмірде – шафқат.
Үш жастағы баланың жүрегі қартайғанша сондай болып қалады.
Жаман адамның досы болғанша, жақсы адамның дұшпаны болған абзал.
Жаман шешен лақпа болар.
Бақыт күлкі бар үйге кіреді.
Тәніңе қамқор болу – ең жақсы дауа.
Артық мал – артық уайым.
Кембағал алаңсыз ұйықтайды.
Баланы шектен тыс еркелету оны тастап кетумен барабар.
Ақымаққа таудай байлық та жетпейді.
Жарқын жүз жеті кемшілікті жасырады.
Арам жолмен жиналған мал-дүние мен атақ-даңқ бұлт секілді тез тарқайды.
Ертеңгі жүзден бүгінгі елу абзал.
Жүрек тас емес.


Әр жемістің өз уақыты бар.
Өмір қысқа – жақсылық жасауға асық.
Жұмсақтық қаттылықты жеңеді.
Уды умен жеңеді.
Бір минут – мың ділдә.
Махаббаттан қарның тоймайды.
«Жоқтан» «бар» туылмайды.
Жаман ұста құрал-жабдығын кінәлайды.
Шыдамайтын нәрсеге шыдау – нағыз шыдам.
Ақша ағашта өспейді.
Жетістік жетістік әкеледі.
Ата-анасына ұқсамайтын бала жоқ.
Каллиграф қалам таңдамас.
Тәкаппарлық жақсылық әкелмейді.
Ғылымда жеңіл жол жоқ.
Келешек үшін әрекет етпесең жақын арада түгің қалмайды.
Үзілген гүлді орнына қайта қоя алмайсың.

Аударған – Саят Қамшыгер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *