Әулиеата өңірі – татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара келісімнің ордасы

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ол қызметі мен жасап жатқан жұмысы бір-біріне ұқсамайтын, алайда, қоғамымыз үшін маңызы зор көптеген кеңестер мен орталықтарды, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіріп отыр. Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері мыңдаған келелі мәселелердің шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, тіпті, қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелерді шешуге де көшбасшы болып келеді. Ассамблеяға артылған қай міндет болмасын, еліміздің біртұтастығына ықпал етіп отыр деуге болады. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ол қызметі мен жасап жатқан жұмысы бір-біріне ұқсамайтын, алайда, қоғамымыз үшін маңызы зор көптеген кеңестер мен орталықтарды, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіріп отыр. Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері мыңдаған келелі мәселелердің шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, тіпті, қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелерді шешуге де көшбасшы болып келеді. Ассамблеяға артылған қай міндет болмасын, еліміздің біртұтастығына ықпал етіп отыр деуге болады. 

Қасиетін халқы таныған, киесін көпұлтты жұрты мойындаған Әулиеата жері – қашан да татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара келісімнің  ордасы болған өлкелі өңір. Мұнда бүгінде татулығы жарасқан, бірлігі ұласқан 87 этнос өкілдерінің басын қосқан 75 этно-мәдени бірлестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында аянбай еңбек етуде.Осы достықтың отын жаққан 75 ұйымның 34-і қоғамдық аккредиттеуден өтіп, Ассамблея құрамына енген. Ұлы бабаларымыз өз заманында «Бақыттың кілті – достықта, достықтың кілті – халықта» деп, ұрпағына ұлағатты өсиет қалдырған екен. Ал, жас Қазақ елі бүгінде – осы достықтың кілтімен әрбір жүрекке шуақ шашқан киелі елге айналды. Сол мемлекет дамуының символындай болған татулық пен бірлік – егемен елдімізді төрткүл дүниеге танытты. Сондықтан да, мәні жоғары, мәртебесі биік этносаралық қатынас Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саяси бағытындағы мемлекеттік идеологияның ажырамас аса маңызды салалардың бірі болып табылады. Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгінде Ұлы Дала елінде этносаралық саладағы барлық жұмыстың жүйесін жаңғырту кең ауқымда іске асырылуда. Бүгінде біздің өңірде «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына енуі ойдағыдай жүзеге асырылды.  Сондай-ақ, ұлтаралық қатынастар мәселелері бойынша осы бөлімге 5 штат бірлігі бөлінді. Сонымен бірге, республикалық әдістемелік ұсыныстарды ескере отырып, этносаралық қатынастарды дамытудың 2021 жылға арналған ведомствоаралық типтік жоспары жасалды. Бұдан өзге тиімді және нәтижелі жұмыс істеу үшін облыс ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қызметі қайта қарауға тура келді. Егер бастапқыда кеңестер мен клуб саны – 11 болса, қазір олардың саны 7-ге қысқарды. Жұмыс сапасы арттыруға бағытталған бұл қатарда – ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, шеберлер клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясының  жастар қанаты, қоғамдық келісім, медиаторлар және аналар кеңестері бар.

Сонымен қатар, Республикалық деңгейде Аналар және Медиация кеңестерімен бірлескен іс-шаралардың мониторингі құрылды.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың түйткілді мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік желілерде 896 адам тіркелген өңірлік «Аналар» сайты ашылды. Алдағы уақытта ҚХА-ның басқа да құрылымдарымен жұмыстар жүргізілу жоспарланып отыр.Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясында медиация институтының рөлі өте зор, өйткені бұл этностар өкілдері арасындағы бірлік пен келісімді барынша нығайтуға ықпал етуде. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сенім телефоны орнатылған медиация кабинеті мен қоғамдық қабылдау жұмыс істейді және тұрғындарға практикалық, медиациялық көмек көрсету үшін облыстағы 40 медиация учаскелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Медиаторлардың жұмысына үлкен мән берілуде.Қоғамдық медиаторлардың бірыңғай тізімі құрылып, осы орайда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күні 100 медиатор дәріс алып, оның 40-ы қазіргі кезде іс жүзінде жұмыс атқаруда.

Есепті кезеңде оларға 571 азамат жүгініп, олардың жанжал мен даулы 448 жағдайын оң шешуға қол жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,4% артық.Жалпы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 390 160 000 теңгеге 42 898 адамға қайырымдылық көмектер көрсетті.Мысалы, Ассамблея мүшелері өңірде алғашқылардың бірі болып техногенді апаттан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы тұрғындарына 10 млн. 160 мың теңгенің 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегін жөнелтті. Сондай-ақ, өңірімізде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және алдын-алу мақсатында облыстағы  Ассамблеяның мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 25 600 адамға 160 млн теңгеге түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.Сонымен қатар, облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның ең басты мақсаты – облысты мекендейтін барлық этнос өкілдері арасындағы татулық пен берекелі бірлікке сызат түсірмей, оларды алаңдататын өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығару және оны тез арада шешуге негізделген.Осындай игі істердің нәтижесінде 7 ауданда 5 топ мүшелері  20 мыңнан аса адамды қамтитын 500-ден аса іс-шара өткізді. Жергілікті 355 тұрғынның мәселесі шешілді. Сонымен қатар, этникалық топтардың тығыз орналасқан жерлерінде «Қазақстан аймақтарындағы этносаралық жағдай» тақырыбында фокус-топтар да ұйымдастырылып, қазір өз жұмыстарын жауапты түрде жалғастыруда.

Дүниені әлекке салған пандемия салдарынан жүздеген іс-шаралар онлайн режимінде ұйымдастырылды. Олардың қатарында, ғылыми семинар мен «дөңгелек үстелдер» отырыстары, ашық сұхбаттар мен тарихи-танымдық конференциялар, тақырыптық кездесулер мен этникалық тарих сабақтары бар.   Бұған қоса, қазіргі уақытта қоғамдағы тұрақтылыққа аса зор назар аударып отырған Қоғамдық келісім кеңестері Үкімет пен тұрғындар арасындағы әмбебап диалог алаңына айналғаны уақыт ақиқаты. Жасыратыны жоқ, Қордай ауданында орын алған келеңсіз жағдай, бәрімізге үлкен сабақ болды. Ендігі міндет – осындай жағдайға жол бермеу болып табылады. Нақтырақ айтқанда, қазіргі уақытта бүкіл облыс көлемінде 200-ге жуық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайланады. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Қоғамдық келісім кеңестерімен санасатынын да байқап отырмыз. Демек, бұл Кеңестердің айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны барын, беделінің артып келе жатқанын аңғартады. Осы орайда, облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмыстарына тоқталатын болсақ, Жамбыл облысында пандемия кезінде қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмысы жайлы айтар болсақ, Жамбыл облысында 1 облыстық, 10 аудандық, 3 қалалық, 154 ауылдық округтер мен 13 ірі мекемелерде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс жүргізілуде.

Достық үйінде облыстық Қоғамдық кеңес және ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі бірлесуімен құрылған 4 топ «Бірыңғай ашық есік күні» аясында тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша қабылдаулар жүргізді, 45 адамның өтініші мен тілегі тыңдалып, 20 мәселе өз шешімін тапты және 25-і тиісті орындарға жолданды. Жамбыл облысында ҚХА қоғамдық келісім кеңестеріне екінші тоқсанда 404 өтініш келіп түсті, 299 өтініш өз шешімін тапты,105-і орындалу үстінде. Атап айтқанда,  көп балалы отбасыларды тұрғын үймен және ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлер салу үшін жер беру, аялдамалар салу және т.б бойынша 147 мәселе, көп балалы, жағдайы төмен, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек беру, аймақтарды абаттандыру бойынша, мектептер үшін кітаптар сатып алу, иесі жоқ иттерді аулау, елді-мекендегі тұрғындардың қауіпсіздігі, жеке меншіктің жиі ұрлануына байланысты мәселелер, тұрғын үй, ғимараттар мәселелері бойынша 60 мәселе, қайырымдылық жұмыстар: қарияларға көмек көрсету, өрттен зардап шеккендерге үйді жөндеуге қаржылық көмек көрсету бойынша 49 мәселе шешімін тапты. Мұндай тәжірибе Қордай өңірімен ғана шектелмей өзге этнос өкілдері тығыз орналасқан Шу, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында қоғамдық келісім кеңестерінің саны арттырылып, сонымен қатар, бірлескен Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша 87 Қоғамдық келісім кеңестерінің ішінен 12 Бірлескен Қоғамдық келісім кеңесі жаңа бағытта жұмыс атқаруды белсенді қолға алды. Бұл жұмыс облыстың басқа аудандарында да жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Тараз қалалық Достық үйі жанынан өздеріңізге белгілі волонтерлар қозғалысы орталығы да ашылған. Ол әлеуметтік, білім, спорт, медиациялық  бағыттар бойынша және  облыстық «Жібек жолы жастары», «Біз біргеміз», «Ақ Сұңқар», «Достық», «Ізгілік елшілері» волонтерлық орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Жамбылдық этномәдени бірлестіктің белсенді жастары Тараз қаласындағы Қан орталығында «Ерікті донор» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Тараз қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе отырып, «NEXT ЧЕМПИОНМЫН!» республикалық акциясын өткізді. Акция аясында танымал спортшылардың қатысуымен «армрестлинг», «асық ату», «тоғызқұмалақ», «шахмат» және «футболдан» шеберлік сағаттары мен жарыстар 50 тәрбиеленуші арасында ұйымдастырылды. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы – бұл жастардың тәуелсіз Қазақстаннның стратегиялық бағытын тұрақты қолдауының айғағы. Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясы ұрпақтар сабақтастығына, жастар қозғалысы көшбасшыларын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта «Айбын» әскери-патриоттық клубы құрылды. Клубтың мәдени, танымдық, зияткерлік сабақтары мен саяхат жасау және елмен араласу бағдарламалары бар. Бұл істерге қатысу жасөспірімдер бойында жаңа қазақстандық патриотизмді, жауапкершілікті дарытып, достықты бағалай білуді және мемлекеттің қолдауын сезінуді қалыптастырады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастары ұлттық тағамдарды дайындау «Этнодастархан», «Достық дастарханы», «Ұлы Жеңіске рахмет», Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған, «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай өзге этностардың тілдерінде өлеңдер жариялау, «Бірлігіміз жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан!» атты этномәдени бірлестіктердің патриоттық әндерді орындау челлендждері және әлеуметтік желілерде «Ұлтаралық келісім», «Тілім менің –тірегім» тақырыптары аясында «Біз біргеміз!» телемарафоны ұйымдастырылды.      Ассамблея жастары #Bizbirgemiz!, Мақтаралға көмек»!#, бірыңғай республикалық акциясы аясында және «1 маусым – Халықаралық балалар күніне» орай, «Жаңғыру жолы», «Ақ желкен» жастар лигасы Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы Гродеково ауылының 75 тұрғынына 780 000 теңге көлемінде, өрттен зардап шеккен грек отбасына 500 мың теңгеге көмек көрсетті. Облыстық ассамблея волонтерлері «ҚХА жастары -2020» имиджбордының аясында «Еркін сөйле» пікірталас-алаңдарын ұйымдастырды.          Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық қызметті үйлестіру. Осыған байланысты облыстық ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктер барлық іс-шараларында қайрымдылық қызметті қатар атқарып келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары – Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің қызметінде қайырымдылықты дамытуға ықпал ету шаралары қарастырылған. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 420 000 000 теңгеге 43 мың  адамға көмек көрсетті.

Ассамблея мүшелері техногенді апаттан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы тұрғындарына 10 млн 160 мың теңгеге 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Өңірімізде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында облыстық ассамблея мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 25600 адамға 160 млн теңгеге түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.Облыста мемлекеттік тілді оқытуда Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облыстың этномәдени бірлестіктері арасында меморандум жасалған.Достық үйінде «Мәміле» клубы жұмыс істейді. 12 отырыс өткізілді. 24 мәселе қаралып, оған 480 адам қатысты. Клуб өңір аудандарында 10 көшпелі отырыс өткізді, 22 мәселе қаралды, оған 1100 адам қатысты. «Мәміле» клубының отырыстарына барлығы 1580 адам қамтылды. Клуб отырыстарына спикер ретінде белгілі 24 тіл маманы қатысты, олар қазақ халқының тарихы, мәдени мұрасы, салт-дәстүрі мәселелерін қозғады.ҚХА-ның «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы бойынша облыста 6 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы, «Асыл сөз» шешендік өнер мектебі, латын графикасы бойынша «Sen de bir kirpish dúnіege» шығармашылық конкурсы, этномәдени бірлестіктердің жастары арасында әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша #ózim týraly акциясы, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы және «Тілдер күнін» мерекелеу аясында облыстың барлық өңірлерінде латын графикасында жалпы қазақстандық диктант өткізіледі.

Облыстық штаб мүшелері  В.Трегубова, Р. Прияхина мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктері үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев және ҚХА төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар клубы 2015 жылы құрылған.  Клуб құрамына этносаралық тақырыптарды баяндайтын республикалық және өңірлік БАҚ-тың 20-ға жуық журналисі және этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар кіреді.  Клуб толеранттылықты нығайтуға, мемлекеттегі этносаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени қоғамды сақтауға ықпал етуге; журналистік этика қағидаларын сақтауға, дамытуға және енгізуге, сондай-ақ этносаралық тақырыпты жариялау мәселелерінде журналистік қоғамдастықта жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, қоғамдағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар дайындайды; этносаралық сипаттағы тақырыптарды дұрыс жариялау бойынша республикалық және облыстық БАҚ үшін ұсынымдар әзірлейді. Жылына екі рет облыстық ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтіп, онда жыл қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар, кеңейтілген отырыста қатысушылар медиа-БАҚ саласындағы өңірлік табысты жобаларын, әлеуметтік желідегі қауымдастықты, сондай-ақ ҚХА қызметін белсенді насихаттайтын бірнеше БАҚ өкілдері марапатталады.

Сондай-ақ, отырыстарда Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жүргізіп отырған жұмыстары туралы халықты тиімді және кеңінен ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру жолдары қарастырылады. Клуб аясында жыл сайын этножурналистика саласында облыстық «Бір шаңырақ астында» шығармашылық байқауы өткізіліп, жеңімпаздар республикалық және облыстық көлемде марапатталып отырады. Нәтижесінде, жүлдегер болған БАҚ өкілдерінің қатарында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқаны үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисті Ильдар Гизатуллин Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын облыс көлемінде насихаттағаны үшін алғыс хат иеленді. Бір сөзбен айтқанда, татулық пен бірлікті ту еткен барлық құрылымдар бірыңғай негізде, ортақ міндеттер мен бағыттар бойынша атқаратын болады.Жамбылдықтар, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізін қалаушы, төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тұрақтылық пен келісім – бұл жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа жүргізіліп отыратын күнделікті жұмыс болуы тиіс» деген терең ойлы, дана сөзін үнемі басшылыққа алып отырады.Сондықтан да, мемлекет дамуы мен өсіп-өркендеуінің темірқазығына айналған – этносаралық татулық пен өзара келісімді сақтау және оны бағалай білу әрқашан да аса маңызды. Өйткені, мемлекет байлығына айналған ынтымақ пен бірлікті сақтау – үздіксіз іске асырылатын аса жауапты сала және көпұлтты халқымыздың ортақ парызы. Татулық пен ынтымаққа бастаған ұлы жолда сапарымыз сәтті, жолымыз ақ болсын!

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы

ПІКІР ЖАЗУ