Менің атам – ең жақсы адам

Менің атам ел-жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талай адам келіп арқа сүйеген беделді жан еді. Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөзімен, ісімен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білген жан болыпты. Ес білгелі атам туралы естіген әңгімелерімді сіздермен бөліскім келеді.
Менің атам Жанпейісов Жақсылық 1940 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Мамандығы – экономист. Еңбек жолында көптеген марапаттарға ие болған. «Социалистік Еңбек ері» ордені 1975 жылы, «Еңбек ардагері» медалі 1986 жылы берілген. «Үздік еңбек ардагері» медалімен 1986 жылы марапатталды. «Үздік Еңбек ері» куәлігі берілген. Атамның еңбек жолында жеткен жетістіктері өте көп. Алған марапаттары, орден, куәліктері әлі күнге дейін сақтаулы. Ол артындағы ұрпағына мұра, үлгі. Әжем Айған екеуі отбасында 8 бала тәрбиелеп өсірген. Атамның қас-қабағы түйіліп, үнемі қатты сөйлеп жүрсе де балаға мейірімді болыпты. Менің әкем Болат атамның бесінші баласы. Атам туралы естеліктерді тыңдағанда сол қаситеттерді әкемнің бойынан байқаймын.
Өзімнің осындай атаның ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын. Атам жайлы осылай сыр шерткенім перзенттік парызым деп білем.

Асхат БОЛАТҰЛЫ, Ақтөбе облысы, Ырғыз гимназиясының 7 — сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *