Жұлдыз – жорамал

Тоқты. Жұлдыздардың шапағатымен бұл ай – саған және отбасыңа кіріс айы болмақ. Материалдық байлықпен қатар рухани байлықты да ойлайтын кез туды. Көп еңбек етсең, жемісін де жейтін сәтті кезең.

Торпақ. Қысқы демалысты пайдаланып, алдыңда тұрған біраз істерді тындырасың. Әдеби кітаптар оқуға құлшынысың артады. Ата-анаңа қолғабыс болып, олардың ризашылығына бөленесің.

Егіздер. Қаңтар айының басында күн тәртібін жасау, демалу, табиғатта тыныстау қажеттілігі туады. Денсаулығыңа көп көңіл бөл. Суық тигізіп алудан сақтан. Айдың соңына қарай күтпеген қуанышқа кенелесің.

Шаян. Айдың басы сен үшін табысты болмақ. Жақын адамдарың барлық істе де көмекші болмақ. Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұстаздардың ризашылығын аласың.

Арыстан. Қолыңа алған кез келген істі белсенділікпен, шын көңіліңмен атқарасың. Айдың басында ата-анаңмен жолға шығуың мүмкін. Әдеби кітаптар оқуға да біраз уақыт табасың.

Бикеш. Үшінші тоқсан ұзақ болғандықтан, біліміңді толықтыруға мүмкіндік мол. Ерік-жігеріңді шыңдап, сабақты ойдағыдай аяқтауға тырысқаның жөн. Ұстаздарың сенен көп үміт күтеді.

Таразы. Ай басында талант пен еңбектің жаңа қыры ашылады. Сыныптастарың сені мақтан тұтады, алайда мақтангершілікке салынып кетпе. Ұстамдылық – ең сенімді серігің.

Сарышаян. Қаңтар айында өткен жылғы өзгерістердің күшімен арман-жобаларыңды жүзеге асыруға күш жұмсайсың. Біліміңді жетілдіріп, ой-өрісті ұштай түсу керек.

Мерген. Барыс жылында алға қойған мақсатың да, арманың да көп. Ізденіс пен еңбектің арқасында біраз жетістіктерге жетесің. Бойыңдағы күшің көп оқып, еңбектенуіңе жеткілікті. Бос уақытыңды текке өткізбеуге тырыс.

Тауешкі. Қаңтар – сен үшін ерекше ай болмақ. Достарыңның тарапынан күтпеген сыйлықтар алып қуанасың. Ата-анаңның, бауырларыңның үлкен қолдауын сезінесің.

Суқұйғыш. Бұл ай көп еңбектенуді қажет етеді. Қаншалықты еңбектенсең, нәтижесі соншалық болмақ. Спортпен шұғалданып, денсаулығыңа көңіл бөлгенің жөн.

Балық. Әдеби кітаптар оқып, өзіңді рухани жағынан байытасың. Әр кез сыпайылық сақтай білу, сені биікке көтереді. Үйіңе алыстағы ағайын-туыстарың келуі мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ

Жұлдыз-жорамал

Тоқты. Тамыз айы – аяқталмаған жұмыстарыңды бітіруге ыңғайлы кез. Уақытыңның көбін әдеби кітаптар оқуға арна. Айдың соңында жаңа заттар сатып алғың келеді. Бұл ойың да жүзеге асады. 398

ПІКІР ЖАЗУ