Желтоқсан – жадымызда

Жуырда Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепте «Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тарихи-әдеби еске алу кеші өтті. Кеш ә дегенде мектеп өнерпаздары орындаған самбырлаған ән, күмбірлеген күймен ашылып, тарих пәнінің мұғалімі Бақыт Кемелбаева апайлары Желтоқсан оқиғасы жайлы тағылымды әңгіме айтып берді. Одан әрі мектептің жас өнерпаздары: Мейрамбек Рыспақов, Ернар, Айдана, Ақерке, Айгүл Қадырова, 9 «з» сынып оқушыларының хоры (жетекшісі Жеміс Оразбекова) және тағы басқа өнерпаздардың күшімен патриоттық, Желтоқсан оқиғасына байланысты әндер орындап, рухымызды бір сілкіп алды. Сондай-ақ Ақерке (11 «а» -сынып), Орынбек (7 «д»-сынып), Айтолқын (8 «з»-сынып) Желтоқсан қатысушыларының естеліктерін оқып, 11-сынып оқушылары Желтоқсан оқиғасынан әсерлі көріністер қойып, Желтоқсан қасіретін көз алдымызға елестетіп, ар-намысызды жаныса, жас ақындар Нұрбақыт Мәлік, Орнбек Сәлім, Ақерке Шайымова өздері шығарған жырларын оқып, «Қара жорға» және тағы басқа ән-билерімен бір желпіндіріп тастады.

Сондай күшті дайындықпен өткен бұл әсерлі кешті мектеп директоры Дина Қадірқызы қорытындылады.

К. ДҮЙСЕН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *