Кореядағы ең құрметті мамандықты білесің бе?

안녕하셔요? (сәлеметсіз бе?) Қолыма қалам алып мақала жазбағалы біраз болыпты. Бүгін сол қатемді жөндеп менің үлкенді-кішілі оқырмандарыма ерекше тақырыпта мақала ұсынғым келеді. Корея еліне бір сәтке саяхат жасайық!
• Бұл – ең қымбат ел. Азық-түліктері қымбат болғанымен, корейліктердің жалақысымен салыстырғанда ол жақта баға қолжетімді. Кореяда 1 айда қанша теңге жұмсайтыныңызды шамалап көрейік. Пәтерді жалдап тұру – 26 000 тг; тұрмыстық қызмет үшін (коммуналдық төлемдер) – 146 000 тг; міндетті сақтандыру – 40 000 тг; интернет үшін – 22 500 тг; азық-түлік үшін – 65 000 тг; көңіл көтеру, шопинг үшін – 97 500 тг; сонымен, барлығы – 430 000 тг.
• Корея екіге бөлінеді: солтүстік және оңтүстік. Біз әңгімелеп отырған Оңтүстік Корея – дамыған ел. Себебі, Солтүстік Корея аса қатты танымал емес. Сонымен қатар тәртіп бойынша оңтүстіктен біраз ерекшеленеді.
•Корейліктердің өзіндік әліпбиі бар (한국어/조선말). Қытай иероглифтарымен шатастырып жатады, бірақ корей тілінде өзіне тән оңай әріптері бар. Және корей тілін 14-ғасырда Седжоң хан халқы үшін жасап шығарады. Корей тілі өзінің осылай пайда болуымен ерекшеленеді.
• Кәрістер кофені қатты жақсы көреді және мұнда кофе ішетін орындар өте көп. Олар түскі немесе кешкі астан кейін міндетті түрде бір шыныаяқ кофе ішеді.
• Бұл елде стоматологиялық қызметтер өте қымбат ( бір тіс үшін 40 мың теңгеден асады), сондықтан барлық кәрістер тіс гигиенасын мұқият қадағалайды. Олар тамақтанған сайын және әр шынаяқ кофеден кейін міндетті түрде тістерін тазалайды. Тіс щеткасын сөмкелеріне салып, үнемі өздерімен алып жүреді, ал кейбір жерлердің дәретханаларында тегін щеткалар тұрады.
• Кореяда демалыс деген түсінік жоқ. Кәрістерге жұмыстан демалуға бірнеше күн жеткілікті. Әдетте, көптеген жұмысшылар тамыздың басында шетелге шығып келу үшін ғана бірнеше күнге демалыс алады.
• Мемлекеттік мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді тек президенттің өзі ғана жұмыстан босата алады. Бұл – қатты құрметтелетін және жоғары жалақылы мамандық.
• Кәріс ұлты туралы өзге ойда жүрген адамдардың құлақтарына алтын сырға, кәрістер ит жемейді. Жеген жағдайдың өзінде бұл үшін иттерді арнайы өсіреді. Дегенмен, мұндай кафелер өте сирек кездеседі.
• Қыздары аяқтарын еш қымсынбай көрсете алады (қысқа белдемшелер есімізге түседі), бірақ кеудесін ешқашан көрсетпейді.
• Ұялы телефон бәрінде бар, тіпті қаңғыбастардың өзі телефонмен жүреді. Бұл елде кез-келген телефонды екі жылға несиеге алуға болады.
• Мүгедектігі болмаса, барлық жігіттер әскерде қызмет етіп, Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.
• Кәрістер кез-келген сөзге әзіл ретінде күледі, тіпті күлкілі емес әзілдің өзіне күле береді. Әсірсе, олар шетелдіктердің корей тілінде сөйлегенін көріп қуанады (қазақтар да қазақша сөйлеп жүрген шетелдіктерді көрсе күледі, тек қуанып емес).
• Корейліктер ең бірінші «тамақ іштің бе?» деп сұрайды. Және олар үшін әжетхана туралы сөйлесу қалыпты нәрсе. Жағымды фактілермен қоса корейліктердің минус жақтары да бар.
• Егер сіз толып кетсеңіз олар сізден «толып кеткенсің бе?» деп сұрауы мүмкін. Сондықтан, таң қалмаңыз. Олар қалай бар, солай айтады.
• Ағылшын тілін білетін корейліктер өте аз. Сондықтан, Кореяға қыдырып барсаңыз сізге корей тілін білу қажет.
• Кореяда күрішті тастап кетуге болмайды («ас атасы – нан» деген сияқты). Әр үйдің салты басқа, иттері қара қасқа деген осы болар. Корея республикасы туралы дерек өте көп. Сондықтан, менің ойымша, өз көзіңмен көру қажет секілді («мың рет естігенше, бір рет көр» дейді ғой). 안녕하셔요 (сау болыңыз!)

 

Әсем ДҮЙСЕНБЕК, жас тілші, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл атындағы мектептің 10-сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *