Қарашаш Бадықова: «Жас кезде алға талпынған жөн»

Ашық-жарқын, үлкен армандары мен алдына қойған айқын мақсаттары бар жас актриса Қарашаш Медетжанқызымен сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. Ашық-жарқын, үлкен армандары мен алдына қойған айқын мақсаттары бар жас актриса Қарашаш Медетжанқызымен сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.

— Қарашаш, кино  өнеріне әдетте кәмелеттік жастан асқанда келіп жатады, өзің бұл салаға қанша жасыңда келдің?

— 2004 жылдың 1 қаңтары күні дүниеге келгенмін. Жасым қазір он алтыда. Ата-анам актёр мен актриса. 7 сыныпқа дейін ауылда атам мен апамның қолында өстім, одан кейін қалаға келдім. 10 жасымнан бастап кино, сериалдарға түстім. Алғаш рет Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінде ойнадым. «Зауре», «Келинка Сабина – 2», «Егіз ғұмыр» сериалдарына түстім, сосын «Балапан» арнасында «Бой сергіт» бағдарламасын жүргіздім.

— Қарашаш, өзің жайлы айта кетсең… Қарашаш Бадықоваға «Келінжан» фильмі сәттілік әкелді ме?

— Азан шақырып қойған есімім – Қарашаш.  Атымды анам қойған. Қысқаша бәрі «Каркуша» деп атайды.   Бірақ жетістікке жетіп жатсам, ол көп  еңбектің жемісі. Маған сәттілік ата-анам мен ұстаздарымның, қолдаушыларымның арқасында келді. Әрине, басты рөлдерге қол жеткізгім келсе өзіммен біраз жұмыс жасауым керек. Бастысы – талпыныс. Талпыныс бар жерде сұраныс бар.

— Мамандығың жөнінде айтып берсең.— Негізгі мамандығым ілеспелі аудармашы. Ағылшын, қытай тілі маманымын. Киноға түсу ол мен үшін  тек хобби. Болашақта өз мамандығымның иесі болғым келеді. Негізі әлем аралап, көптеген кездесулерде  аудармашы болғым келеді. Бос уақытым болғанда, жаз мезгілінде киноларға түсемін. — Анаң Дариға Бадықова бағындырған белестен сені де көргіміз келеді. Ол үшін бақ керек пе, бап керек пе?– Мен  әкемді, анамды ерекше жақсы көремін, құрметтеймін, үлгі тұтатын адамдарым. Менің мақтанышым – ата-анам. Еңбекқорлығы, мамандығына деген махаббаты қатты ұнайды. Сол қыры маған да берілсе деймін. Ата-анам салған дара жолмен мен де ақырындап келе жатырмын. Ата-анам жеткен жетістік маған да бұйырса екен деймін.

— Талабыңа нұр жаусын. Анаңның әдемі даусы барын, ән айтатынын білеміз. Актриса болу үшін адамның бойында тағы қандай өнер болуы керек деп санайсың?

— Ия, ән айтқанды кішкентай кезімнен жақсы көремін. Кәсіби әнші болмасам да, ән шырқайтын өнерім бар. Актриса болу үшін актерлік шеберлік курстарына қатысқан жөн. Онда бұл қиын да машақаты көп саланың барлық қыр-сыры оқытылып, үйретіледі.

–   Кейіпкерің Каркуша мен өмірдегі Қарашаш жайлы және «Келінжан» фильмі жайлы айта кетсең. Келінжанның түсірілімі кезінде қандай да бір қиындықтар болды ма?

— Кинодағы сомдаған кейіпкеріммен аса бір ұқсастығымыз жоқ. Киноға түсу барысында айтарлықтай қиын сәттер болған емес. Біраз дубль жасалды. Режиссер Ернар Нұрғалиев ағайымыз кәсіби маман. Әрқайсымызға мән-жайды айтып, түсіндіріп жатты. Фильм түсірілмес бұрын барлықтарымыз дайындықтан өттік. Сол дайындықтың арқасында көптеген қиындықтарға төтеп бере алдық деп ойлаймын.

— Кастинг қалай өтті?–  Кастинг өте қиын болған жоқ.  Актерлер мен актрисалардың фотолары, тізімі бар, соның ішінен таңдап алды.

– Киноға түскеннен алған ең жоғары гонорарың қанша болды? 

– Бастапқы кезде аздау болды. Аллаға шүкір, қазір алған гонорарым өзіме жетеді. Ашып айтпай-ақ қойсам болатын шығар.

— Телехикаяларға түсіп, жас актриса ретінде танымалдылығың күннен күнге артып жатыр.   Ал қазір нені армандап жүрсің?

— Жастарға айтарым – балалық, жастық шақтарыңды ұмытылмастай етіп өткізіңдер.  Денің сау кезде алға талаптаныңдар. Кейін уақыт болмай кетеді.

— Қарашаш, өнерің өрлей берсін! – Айтқаның келсін, сұхбатыңа рахмет!

Сұхбаттасқан – Мейіржан ЗИНУЛА, Алматы облысы, Талғар қаласы, №6 мектептің оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *