ЕРКЕ ЕҢЛІК

Set of young children using phone illustrationЕңлік биыл бесіншіде. Үйінің сүт кенжесі. Өзінен үлкен ағасы және үш әпкесі бар. Анасы Айман мен әкесі Беркеннің бетінен қақпай өсірген еркесі болды. Ешкім тіпті қолының ұшы тұрмақ, артық ауыз сөз де айтпайтын. Сонысынан ба, есейген сайын тіл алмай, әпкелерін тыңдамайтын болды. Оларды адам құрлы көрмейтін де. Күндіз-түні көшедегі балалармен қосылып, ойын соңында жүретін. Өзіне берген ақшаны үнемдеуді білмейтін, оңды-солды шаша беретін. Сабаққа «ақша бермесе бармаймын» деп қырсығып отырып алатын. Әрі алатын ақшасын мың теңгеден кем алмайтын. Әке-шешесі «Қойшы, әлі кішкентай ғой, не біледі дейсің» деп қарсы келмей, беретін. Сондағы сол ақшаға қағаз, қалам алудың орнына денсаулыққа зияны тиетін, еш пайдасы жоқ ойыншықтар алатын. Ол ойыншықтармен ары кетсе бір сағат ойнап, одан кейін қайда қалғанын да білмейтін.Еңлік биыл бесіншіде. Үйінің сүт кенжесі. Өзінен үлкен ағасы және үш әпкесі бар. Анасы Айман мен әкесі Беркеннің бетінен қақпай өсірген еркесі болды. Ешкім тіпті қолының ұшы тұрмақ, артық ауыз сөз де айтпайтын. Сонысынан ба, есейген сайын тіл алмай, әпкелерін тыңдамайтын болды. Оларды адам құрлы көрмейтін де. Күндіз-түні көшедегі балалармен қосылып, ойын соңында жүретін. Өзіне берген ақшаны үнемдеуді білмейтін, оңды-солды шаша беретін. Сабаққа «ақша бермесе бармаймын» деп қырсығып отырып алатын. Әрі алатын ақшасын мың теңгеден кем алмайтын. Әке-шешесі «Қойшы, әлі кішкентай ғой, не біледі дейсің» деп қарсы келмей, беретін. Сондағы сол ақшаға қағаз, қалам алудың орнына денсаулыққа зияны тиетін, еш пайдасы жоқ ойыншықтар алатын.

Ол ойыншықтармен ары кетсе бір сағат ойнап, одан кейін қайда қалғанын да білмейтін.Ол тұратын ауыл – кішкентай ғана  Көлсай дейтін ауыл. Үйлерінің жанында көл болатын. Жаз болса сол көлде шомылып, қыс болса сырғанақ теуіп, қызығына батып жүретін. Әпкелері мен анасына қолғабыс қылуды білмейтін, білгісі де келмейтін. «Үш әпкем тұрғанда мен неге істеуім керек?» деп ойлайтын. Әпкелері ұрсып айтса да, түсіндіріп айтса да, тыңдайтын ол жоқ. Айтқанды түсінбейтін нағыз ақпақұлақ болды. Біреу жұмсаса, айтатыны: «Өзіңнің де аяқ-қолың бар ғой, өзің барып алсайшы», – болатын. Өзімен қатар көршінің қызы бар еді. Есімі – Зере. Әпкелері үнемі: «Өзіңдей Зерені қарашы, ата-анасына қолғабыс етіп, үйінің тірлігін де істейді, бәріне үлгереді, содан үлгі алсайшы», – деп мақтағанда, ашуы қозып, әпкелерімен ұрыса жөнелетін. Әпкелерін айтқанына түрпідей жиырылып, өзіне жау көретін. «Өздері жұмыс істеп жүргеннен кейін, менің бос жүргенімді көре алмайды осылар», – дейтін. Әпкелерінің оған жақсылық ойлап, кез келген істі үйіріп әкететіндей ширақ болса деген ниеттерін түсінбейтін.Смартфон деген уақыт алғыш шыққалы бері ата-анасының миын жеп, «бәрінде ұялы телефон бар, менде ғана жоқ» деп жандарын қоймады. Ата-анасы ләм-мим деместен: «Барлық балада болса, сенде де болсын. Қатарыңнан қалмағын», – деп ұялы телефон алып берді. Ендігі бар ермегі сол болды. Күндіз-түні қолынан тастамай, жатса-тұрса қасында болады. Ата-анасы бұл өздері тапқан «жаумен» қалай күресерін білмеді. Қарсы келер дәрмен жоқ, кенжелері әрі еркелері. Алып қояйын десе, бет бақтырмайды.Бір күні Еңліктің өмірін түпкілікті өзгерткен бір оқиға болды. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда тақтадағы жазу бұлдырап көрінбеді. «Ұйқым келгеннен шығар» деп аса мән бере қоймады. Бірақ дәл осы жағдай қайталана берді. Ата-анасына болған жайтты айтып еді, бірден дәрігерге қаратты. Дәрігер оның глаукоманың жүре пайда болған түріне шалдыққанын және дәрігерге дер кезінде қаралғанын, енді кешіксе, көзі көрмей қалуы мүмкін екенін айтты. Ол ауруханада жатып, ем қабылдайтын болды. Дәрігер Еңлікті палатасына алып келді. Оған көзінің ауруы туралы, қалай пайда болады, қалай алдын алу керек екені, емделсе әлі-ақ көзі алыстағыны да көріп кететінін, еш уайымдамаса болатынын айтты. Еңлік дәрігерге қатты таң қалып, осының бәрін қайдан білетінін сұрады.– «Барлық білім кітапта». Сендей кезімде кітапқа қатты құмар болдым. Ол кезде қазіргідей смартфон деген жоқ, онсыз-ақ жақсы өмір сүрдік. Әке-шешеміз жарықты сөндіріп тастаса да, майшамды жағып алып, тығылып кітап оқитынмын. Күніне бір кітап оқымасам, көңілім көншімейтін, ойын да ойнамайтынмын. Үй шаруасынан қолым қалт ете қалса да кітап оқитын едім. Бүгін, міне, соның жемісін көріп, ақымды адал тауып әрі адамдарға көмегімді тигізіп отырмын, – деп жауап берді дәрігер.Дәрігермен болған сұхбат оның өмірін басқа арнаға бұрды. Ауруханада жатып ол енді смартфонды тастауға бел буды. Кітаппен дос бола бастады. Кітаптағы оқиғалар оны қызықтыра бастады. Ата-анасына көп кітаптар әкеп беруін өтінді. Ол енді шындығында кітаптың адам жанының емі екенін түсіне бастады. Мінезі де өзгерді.

 Айғаным СӘУЛІМБАЙ,С.Демирел атындағы университеттің филология факультетінің студенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *