Италиан мақалдары

• Егер сені біреу орынсыз мақтаса, ол сені алдап болды не енді алдайды.
• Жазадан соң ақылды – дана болады, ақымақ – бала болады.
• Киімге қарап қарсы алып, ақылға қарап шығарып салады.
• Ақиқат ұмытылуы мүмкін, бірақ өшпейді.
• Адамның қандай екендігі жолда және үйінде білінеді.
• Жүрек қанша тар болса, тіл сонша ұзын болады.
• Тұрып қалған суда құрт пайда болады.
• Тыңдаудан – ақыл, сөйлеуден – пұшаймандық туады.
• Су – жуады, күн – құртады.
• Біз бәріміз Адам Ата мен Хауа Ана перзенттеріміз.
• Ақша ақшаны шақырады.
• Таза су үшін бұлаққа бару керек.
• Жаман базардан жақсы киім сатып ала алмайсың.
• Итті еркелетсең киіміңді кір қылады.
• Ағатын су әрдайым тұрған судан абзал.
• Балықты – аузынан, ақымақты – сөзінен ұстайды.
• Болат сынады, темір шіриді.
• Жақсы нәрсе – аз-аздан.
• Басы жоқтың арманы жоқ.

Аударған – Саят Қамшыгер

ПІКІР ЖАЗУ