Испан мақалдары

• Өмір үш сөзден тұрады: туу, той, өлім.
• Екі күндік бақытқа жүз күнде жетесің.
• Кемшіліксіз өмір тәтті болмайды.
• Бүгінгі шаршау – ертеңгі рахат.
• Құдайдан сұра, өзің де бекер жатпа.
• Үлкен махаббат көп нәрсені кешіреді.
• Үлкен балық үлкен суда жүзеді.
• Ақымақ балық үшін ілмек дұшпан, балықшы емес.
• Аш бөрі бір жерде отыра алмайды.
• Шеруге шығу үшін ақша керек.
• Дұшпан көп болса ұйқы жоқ.
• Үндемеу келіскеннің белгісі.
• Өлімнен қорыққан адамға бал да ащы.
• Жүрек қалаған жерге аяқ алып барады.
• Бергенде үндеме, алғанда рақмет айт.
• Еркек пен әйел бір арқанға байланған.
• Алғашқы қадам – жарты жолды басып өту.
• Құдай қолдамаса әулие де жәрдем бере алмас.
• Теректен нан сұрама.
• Адаспасаң мақсатқа жете алмайсың.
• Аралардың қорегі бал болады, өрмекшінікі – зәр болады.
• Ақымақтың күлкісі алыстан естіледі.
• Жақсы киіммен ішкі айыптар бүркенеді.
• Әйеліңді көрсетсең сенің қандай ер екеніңді айтып берем.
• Бай саудагер болып ата-анамды ұмыттым.
• Айнаң саған басқалар айта алмаған кемшіліктеріңді көрсетеді.
• Ақшаңның жоқтығы – ең үлкен дерт.
• Үш кісі білген сырды бәрі біледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *