Қазақтың асар жасау дәстүрі ұнайды

Армысыңдар, құрметті «Мөлдір бұлақ» журналының оқырмандары?
Біз, қазақ, ұлы халықпыз ғой! Келген қонағымызды кері қайтармай, ас-суымызды үйіп-төгіп береміз.
Біз, Қазақ елі көптеген ұлттарға пана болып, ардақтаған елміз!
Мен осы тұрғыда Қазақ елінің мәдениеті мен салт-дәстүрі, жалпы Қазақ елі қандай мемлекет деген тақырыпта орыс халқының баласы, қазіргі таңда Қазақ елінде тұратын, қазақ тіліне судай Александр Васильевич деген баладан сұхбат алуды жөн санадым.

 

– Қайырлы кеш, Александр!– Қайырлы кеш, Александр!– Қайырлы кеш!– Жағдайларың қалай?– Бәрі керемет, бәрі жақсы!– Александр, мен саған сұрақ қоймақшы едім, қалай, жауап бере аласың ба?– Иә, әрине. Саған жоқ десем ұят болады ғой.– Ой, рахмет! Александр, қалай ойлайсың, Қазақ халқы қандай халық?– Қазақ халқы деген өте қонақжай, ешқандай жаман ойы жоқ халық. Мен осы елде тұратыныма қуаныштымын!– Сендер Қазақстанға қашан көшіп келдіңдер?– Біз бұл жаққа менің үш жасымда Астрахань қаласынан көшіп келіппіз. – Қазақ елінің қандай салт-дәстүрін білесің?– Салт-дәстүр… «Асарлату» деген салт-дәстүр бар. Менің әкем көлік тұрағын салып жатқан кезде көршілер жиналып, көмектесіп кеткен болатын. Сол кезде қазақ ағайындарға көңілім одан әрмен еселене түсті!– Абай Құнанбайұлы деген кім?– Оооо, Абай атаны білмейтін адам кемде-кем шығар, оны бүкіл әлем біледі десем артық айтпағаным. Ол кісі өте білімді, дана, алғыр жан болған деседі. Ақынның биыл қателеспесем 170 жылдығы тойлануда.– Жоқ, 175 жылдығы аталуда. Қазақ достарың көп пе?– Менің осы маңда тұратын көршілерімнің барлығы қазақ. Олардың балалары мені ешқашан сен орыссың деп кемсіткен емес, қайта мені сыйлап, құрметтейді.– Соңғы сұрағым. Болашақтағы Қазақ елін қалай елестетесің?– Елбасымыз армандаған дамыған 30 елдің қатарына енетін алпауыт ел деп елестетем. Келген қонақтар қызығып қарайтындай ел болады! Барлық халықтар бақытты да баянды өмір сүреді деп ойлаймын.– Рахмет саған, Александр! Сұрақтарым ұнады ма?– Иә, ұнады!– Жақсы онда, аман-сау жүр!– Жақсы, сен де! Амандықта жолығайық.
Міне, құрметті оқырмандар, осындай керемет сұхбат алдым. Қазақ елінде тұратын көптеген өзге ұлттардың ойы осындай, меніңше, қазақ жерінде тұратын өзге ұлттардың ойы осы. Қазақ болып, қазақ жерінде тұрғанымыздың өзіне не жетеді?! Біз әлі талай мықты елдің қатарына қосыламыз. Ол үшін жастар алғыр, білімді, тәртіпті, озат болса, осындай жетістікке жетеміз.Қазір бүкіл елдердің басынан небір қиын күндер өтіп жатыр, Америка, Сингапур, Украина сияқты елдерде түрлі жағдайлар орын алуда, ал бізде халқымыз сабыр сақтап, тыныштығын нығайтқан ел. Сондықтан айтарым –  бірлігіміз бекем, рухымыз өр болсын!
Сұхбатты даярлаған – Ернар Маратов, жас тілші, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *